Елімізде «Автокөліксіз күн» челленджі өтеді

Елде 22 шілдеде ерекше челлендж өтеді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында отандастырымыз бір күн көліктен бас тартпақ. Осылайша, ауаның ластану мен улы газдардың бөлінуін азайту көзделіп отыр. Ұйымдастырушылар азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес береді. Қатысушылар #Автокөліксізкүн хэштегін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фото немесе бейнероликтер бөлісе алады.