Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсті

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін жыртқыш - қар барысы фототұзаққа түсті.

Бұл аң 1978 жылдан бастап Қызыл кітапқа енген. Мысықтұқымды жануар жыл бойы қар жауатын таулы аймақтарда мекендейді.