Алматы облысында 40 мың түп көшет егіледі

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 40 мың түп көшет егіледі.

Көктемде көшелер мен саябақтарға 68 мың түп тал-терек отырғызылған. 9 мың гектарға жуық жер жинастырылып, 25 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Экологиялық шараға қала, аудан тұрғындары мен волонтерлер, «Жасыл ел» жасақтары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері атсалысып келеді. Олар Алматы облыстық тіл басқармасы ғимаратының ауласын абаттандырып, қала тазалығына үлес қосып жатыр.

Нұрмаман Оқас, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы:

- Ең бастысы, әр адам өзінен бастауы керек тазалықты. Одан кейін отырған орны да таза болуы керек. Біз сонда ғана діттеген мақсатымызға жете аламыз. Елімізді, Қазақстанымызды таза ұстайық. Өйткені біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Қазақстан! Сондықтан Қазақстанымыздың таза қалалары көбейе берсін!