Оралдық жастар аула тазалығына атсалысты

Биыл Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көпқабатты 35 үйдің ауласы тазартылды, деп хабарлайды 24kz.

Жастар ресурстық орталығының еріктілері Оразбаев көшесіндегі үйдің ауласын күл-қоқыстан тазартты. Қоршаған ортаның жағдайына бей-жай қарамайтын белсенділер тазалық автобустарымен шаһарды тұрақты аралап тұрады. Тұрғындар өз өтінішін әлеуметтік желі арқылы жолдай алады. Сәуірден бері акцияға 138 мың адам атсалысып, 53 мың тонна қоқыс шығарылған.

Аманат бектұрсынов, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы:

- Көріп тұрғандарыңыздай, аулаларды қоқыстан тазарту, мына гараж маңындағы жиналып қалған қоқыстардың барлығын тазартып жатырмыз. Бұл жерде мақсат қандай десеңіз, қала тұрғындарының, аула тұрғындарының басын бір жерге тоғыстыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өздерінің аулаларын таза ұстауға деген ынталандыру мақсатында өткізіп жатырмыз.