Алматыда Баум тоғайы тазартылды
25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшелер мен жол жиектері, қоғамдық орындар мен өзен арналары, арық жүйелері тазартылды, деп хабарлайды 24KZ. Экологиялық акцияға 80-нен астам адам қатысты. Олар саябақ аймағын қоқыстан тазалап қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Акция барысында 300 қап қоқыс жиналды.
Ұзақ Мұхитанов, «Медеу» өңірлік табиғи паркі директорының міндетін атқарушы:
- Қазақстан жастарына да, бәріне де үлкі ретінде, өзіміздің тұрып келе жатқан қаламыз, қаламыздың тазалығына осындай атсалысып, күш салысқанымыз жөн деп ойладық.
Саттар Ерубаев, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының труппа жетекшісі:
- Ер азамат ретінде кім болса да, тазалықты үйінен бастайды. Жүрген жерімізді, басып өтетін жер. Көбінесе үлкен кісілер, зейнеткерлер, балалармен жүретін болғандықтан, осындай жерлер таза болу керек деп ойлаймын. «Екі қолға бір күрек» деген ғой қазақ, бұны үйде де істеп жүрміз, үйде де тазалаймыз. Әдемі қаламыз үшін дайынбыз.
Алма Аманжолова, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, әншісі:
- Алматы қала сұлулықтың, тазалықтың белгісі болса екен деген өзімнің тілегім бар. Сол тілегім жай ғана сөз болып қалмау үшін, іспен дәлелдеу үшін бүгін мына Алматы дәстүрлі өнер театрының әртістері келіп, осы Таза қала акциясына атсалысып жатырмыз.
Таза Қазақстан акциясы: 2 мыңнан астам көше тазартылды
Еске салайық, шаһардың коммуналдық қызметі қысқа дайындықты аяқтады. Алдағы маусымда қала тазалығын сақтауға 841 техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылады. Ал Таза Қазақстан акциясы аясында жалпы ұзындығы 2777 шақырым болатын 2 мыңнан астам көше және 19 шақырым су арнасы тазартылды. Сонымен қатар жаңа ережелерге сәйкес 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды.