Қарағандыда экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған семинар-тренинг өтті
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биыл 100-ден астам экологялық акция өтіп, оған 20 мыңдай жас атсалысқан.
«ТАЗА QAZAQSTAN» республикалық экологиялық бағдарламасына үлес қосқан жігіттер мен қыздар бүгін «ЭкоЖастар: Болашақ біздің қолымызда» тақырыбында өткен семинар-тренингіне қатысты. Шараның мақсаты жастардың экологиялық мәдениеті мен белсенділігін арттыру.
Оқыту тренингінде психолог, экотренер, саяхатшы және салауатты өмір салты бойынша коуч мамандар дәріс берді. Жастар қоршаған ортаны қорғау мәдениеті мен бұл бағыттағы шараларды тиімді ұйымдастырудың қыр-сырын меңгерді. Әлия Махмұтова жаз бойы қоқыс жинау, ағаш егу сынды түрлі акцияға қатысқан. Ол құрбыларымен бірге тренингке келіп, мол мағлұмат алды.
Әлия Махмұтова, жоғарғы "Bolashaq" колледжінің студенті:
- Біздің қоршаған ортамыз өзіміздің қолымызда. Әрі қарай қалай дамытатынымыз, қалай таза ұстау қажеттігі барлығы өз қолымызда. Бұл экологиялық шарада біз көптеген нәсрселерді үйрендік. Оған осы уақытқа ейін біз көптеген шараларға қатысып, атсалысып келе жатырмыз.
Жалпы семинар-тренинг барысында экологиялық сауаттылықты арттыруға негізделген көптеген мәселе қамтылды. Жастардың экологиялық мәдениетке баулып, қоршаған ортаны қорғауға белсенділігін арттыруда мұндай шаралардың маңызы зор.
Сәбина Жұмажанова, Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының инспекторы:
- Экологиялық түрлі шараларды, яғни сенбіліктерді, акцияларды, байқауларды, марафондар және әлеуметтік байқауларды қалай экологиялық тұрғыдан таза, қоршаған ортаны ластамай қалай өткізуге болад, соны үйретті. Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Таза Қазақстан акциясы басталғалы бері 100-ден астам шара өткізді. Бұл шаралардың барлығы қала жастарының назарын экологиялық проблемаларға аударуда тиімділігін көрсетуде.
«ТАЗА QAZAQSTAN» республикалық бағдарламасы бастау алғалы бері Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қалада 100-ден астам шара өтті. Оған 20 мыңдай жас атсалысқан. Жаз бойы 650 түп ағаш егіліп, 1500 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар