Ұлытау мектептерінде экология тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті

Ұлытау облысында күн суытқалы «Таза бейсенбіліктердің» орнына кең ауқымды түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Білім ошақтары мен кітапханаларда түрлі дәрістер мен тақырыптық челлендждер ұйымдастырылып жатыр. Мысалы бұл жолғы тәрбие сағаты «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» тақырыбына арналды. Қазір облыс мектептерінде жаппай «Экологтар жасағы» құрылып жатыр. Мақсат – жыл бойы жалғасып келе жатқан жалпыұлттық тазалық акциясын қолдау және оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Жас экологтар жаңа технологияның көмегімен қоқысты сұрыптау және жасыл желектерді баптауға қажет құрылғылар жасап жатыр.

Алтынай Масжанова, биология пәнінің мұғалімі:

- Балалардың СТЕМ технологиясын қолдана отыра жасаған құрылғылары бар, соларды көрсетеміз. Ол құрылғылар қоқыс жәшіктері, яғни қалдық заттарды сұрыптау үшін электронды түрде қоқыс жәшкітерін пайдалану. Одан кейін құрғақшылық кезінде өсімдіктер өздері суды қажет етіп, бізге су құй деген сияқты белгі беретін құрылғылар жасады. Және смарт жылыжайлар жасады.