Шымкенттің барлық ауданында тазалық акциясы өтті
Шымкентте коммуналдық сала қызметкерлері, әкімдік өкілдері және тұрғындар негізгі көшелердің бойын сыпырып, шашылған жапырақтарды жинады, деп хабарлайды 24KZ. Тұрғын үй секторының төңірегін қоқыстан тазартты.
Жалпы маусым айынан бері Қаратау ауданы аумағындағы заңсыз 15 полигон жойылған. 4,5 мың тонна құрылыс қалдықтары қала сыртына шығарылып, науқан аясында 3 мың түп ағаш көшеті егілген. Қазір қысқы маусымға дайындық үшін қар күреп, мұз жаруға арналған құрал-саймандар түгенделді. Қоймаға инертті материалдар қоры да жинақталды.
Азамат Парманов, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары:
- Көбінесе біздің коммуналдық мекемелер мен үй басқарушылар бар, КСК, солардың тарапынан атқарамыз. Тұрғындарды да барынша шақырамыз осы жұмыстарға. Біз жақтан көмек керек болса, инерттік материалдар бар, құм бар. Құрал-саймандардан ешқандай мәселе жоқ.