Ақтауда «Таза бейсенбі» атауымен тазалық шарасы өтті

Ақтауда да «Таза бейсенбі» атауымен тазалық шарасы өтті.

Оған 30-дан астам студент пен «AMANAT» партиясы филиалының қызметкерлері қатысты. Бұл жолы 14-шағын аудандағы жағажай қоқыстан тазартылды. Бұршақ жауып, күшті жел тұрғанына қарамастан теңіз жағалауында жиналып қалған тұрмыстық қалдық полигонға шығарылды. Маңғыстау облысында «Таза бейсенбі» акциясы жаздан бері ұйымдастырылады. Елдімекендер аумағын, туристік жерлерді қоқыстан тазартуға мыңнан астам адам үлес қосты.

Гүлшат Арзығұлова, "Аmanat" партиясы облыстық филиалының кеңесші маманы:

- «Таза бейсенбі» акциясы бізде апта сайын осылай өтеді. Оған барлық қала аумағындағы мекемелер, өндірістік мекемелер болсын басқа да мекемелер осыған атсалысып жатыр. Бүгін кезекті өзіміз алдық. Біздің міндетіміз - осы қала аумағын, өзіміз тұрған жерімізді тазалыққа үндеу.