10 желтоқсанда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары ашылады

10 желтоқсанда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары ашылады
Фото: tickets.expo2017astana.com

10 желтоқсанда сағат 11:00-де Астана мен Алматы қалаларында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары ашылады.

Астана қаласы бойынша билеттер «Керуен», «Хан шатыр» сауда орталықтарында, Алматы қаласы бойынша MEGA Alma-Ata, MEGA Park сауда орталықтарында сатылады.

Ашылу салтанатына ЭКСПО-2017 көрмесінің елшілері А.Н.Винокуров – Олимпиада чемпионы, велошабандоз, «Аstana Pro Team» велокомандасының бас менеджері, А.А.Айымбетов – қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті, сондай-ақ Бүкіләлемдік банк, Баламалы энергия қауымдастығы, Бүкіләлемдік Болашақ кеңесі өкілдері қатысады.