Транспорт және логистика. Қазақстандық газ тасымалдау жүйесі

Қазіргі таңда көгілдір отын еліміздің біраз аймақтарында қолжетімді. Тіпті халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақ тұрғындары да газдандырудың тиімділігін сынап көруге мүмкіндік алды. Осылайша қазақстандық көгілдір отын жоғары қысымды тораптар арқылы шетелге экспортталып қана қоймай өз елімізге де қызмет ете бастады. Бүгінгі шығарылым ел дамуына жаңа серпіліс беретін газ шикізатының логистикасы жайында болмақ.