368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде мұнай бағасы 80 долларға жуықтады

  • 444
  • UPD: 12:05, 04.09.2018

Лондон шикізат биржасында дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы жоғарылады.

Сауда қорытындысына сай Лондонның Ice Features биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,47 долларға көтеріліп, 78 долларды құрады. Айта кетейік, кеше АҚШ-та Еңбек күнін мерекелеуге байланысты Нью-Йорк тауар биржасында сауда жүргізілмеді.

Әлемдік нарықта бидайға сұраныс артты

«Казахзерно» порталының мәліметінше, қоймаларда сақталған асық көлемін есепке алсақ, онда биыл бидай тапшылығы сезілмеуі керек. Сарапшылар осы ретте ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете отырып, экспортты арттыруға мүмкіндік бар деп болжайды. Әсіресе Ресей Еуроодақ пен Қытайға жіберілетін астық көлемін көбейтуге болады. Бұдан бөлек дүниежүзілік нарық жағдайында да өзгеріс бар. Биыл өткен жылмен салыстырғанда бидайға деген сұраныс 20 пайызға өскен. Демек диқандардың пайдаға кенелуіне мүмкіндік бар.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері 44 мың тұрғын елді мекендерден көшіп кеткен.  Әсіресе Түркістан облысында көші-қон мәселесі өзекті. Мәселен, өңірден 40 мың адам өзге өңірге көшсе, 20 мың адам осы өңірдің тұрғыны атанған. Бұдан бөлек басқа аймақтарда да тұрғындардың ауыл тұрғындарының көшуі байқалады.

Ең қызығы, жақында ғана еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласында тұрам деушілер қарасы қалың. Себебі, жарты жылдың өзінде шаһар тұрғындарының саны 43 мың адамға артқан. Ал осы уақыт ішінде Алматыға қоныс аударған саны 17 мыңға жуықтаса. Еліміздің елордасы Астанаға көшкендер саны 5 мың адам шамасында.

Қайтарылмаған банк несиесі 700 млрд теңге

Екінші деңгейлі банктерден несие алып, межелі уақытта қарызын қайтармаған қазақстандықтардың берешегі 700 млрд теңгеге жетті. Бұл Ұлттық банк хабарлайды. Қазір жеке тұлғалардың қарызы 4,544 млрд теңгені құрайды. Бұл – банк секторындағы қарыз портфелінің 33,7 пайызы. Ресми деректерге сүйенсек, 4 миллионнан астам қазақстандық қарыз алған. Сондай-ақ басқарушы банк микроқаржы секторы бойынша жеке есеп жүргізген. Нәтижесінде мұндай қаржы ұйымдарынан 306 тұрғын жалпы сомасы 188 млрд теңге берешек болып шықты.

Банктер шағын және орта бизнесті қолдауға дайын

Еліміздің 7 бірдей қаржы ұйымы шағын және орта бизнесті қолдауға дайын. Деректерге сүйенсек, жыл сайын саланың қарқын алғанын аңғаруға болады. Себебі, өткен жылмен салыстырған шағын компаниялардың үлесі 9,7 пайызға өскен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көрсеткіші де көңіл көншітеді. Олардың 56 пайыздан астамы өз өнімдерін шығарып отыр. Бұл ретте жаңа стартап жобаларын атап өткен жөн. Өйткені шағын бизнесте олардың үлесі 18,1 пайыздан асты. Қалай болмасын нарықтағы компаниялардың 97,3 пайызы қарқынды жұмыс жүргізсе. Тек 1 пайызы ғана өз жұмысын жаңа бастағандар. Қалай десек те орта бизнестің 6 мыңға жуық компаниясы мен шағын бизнестің 200 мың кәсіпкері қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан еліміздегі 7 қаржы ұйымы экономиканың драйвері санаталатын салаға қаржы құюға дайын.

Қазақстан қор биржасындағы ақпараттарға кезек берсек. Соңғы сессияда доллардың теңгеге шаққандағы құны 363,23 теңгені құрады. Қазір ақша айырбастау бекеттерінде бір долларды 366 теңгеге сатып жатыр.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

 

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтар неге банктен қарыз алуға құмар? Еліміз Ауғанстанмен экономикалық ынтымақты арттырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы