365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Табиғаттың тосын мінезі мұнай бағасына әсер ете ме?

  • 563
  • UPD: 09:56, 06.09.2018

«Гордон» дауылы әлемдік мұнай бағасына әсер етті.

Мексика шығанағының жағалауына жақындаған сәтте қара алтын құны көтеріле бастады. Шамамен 2 пайызға қымбаттап, барреліне 79,48 долларға жетті. Дегенмен қаржы нарығындағы бағам кейін төмендеді. Айта кетейік, табиғаттың тосын мінезі мұнай өндіру жұмыстарына әсер етеді. Бұл жолы дауылдың күші қатты болмады. Сондықтан баға қайта қалпына келді. Осы орайда сарапшылар алдағы уақытта мұнай бағасында өзгеріс болатынын болжайды. Бұған АҚШ-тың Иранға салған санкциялары себеп болмақ.

 

Цеснабанк Ұлттық банктен қарыз алды

Активтер көлемі бойынша екінші саналатын Цеснабанк Ұлттық банктен 407 млн доллар қарыз алған. Бұған дейін бөлінген транш қаржы ұйымын сауықтандыруға жетпеді. Бұл жөніңде Блумберг агенттігіне сілтеме жасап, Интерфакс хабарлайды. Жасырын қалуды қалаған 4 ақпарат көзі, бұл мәміле көпке жарияланбағанын айтады. Цеснабанк үшін қажет болған 150 млрд теңге нақты қандай мақсатқа жұмсалатыны белгісіз. Тараптардың ешбірі бұл ақпарат бойынша мәлімдеме жасауға асығар емес. Тіпті бас тартты десек те болады. Айта кетейік, Қазақстан өткен жылы ЖІӨ 6 пайызын қаржы жүйесін сауықтыруға жұмсаған болатын. Аталған шаралар нәтижесінде, еліміздегі екі ірі банк, атап айтсақ Халық банк пен Казкомерцбанк бірікті. Өтімділік бойынша мәселелерін шешу мақсатында, Цеснабанк те бағдарламаның қатысушысы атанды. Нәтижесінде жеңілдетілген қаржыландыруға ие болған еді.

 

Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады

Еліміз мұнай өндіру көлемін арттырады. Биыл 87 миллион тонна қара алтын өндірілсе, 2019 жылы 88 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы алдағы 5 жылға арналған республикалық бюджетте жазылған. Ал оны жүйелі жүзеге асыруға Қашаған кен орнының мұнай өнідіру жұмыстарын ұлғайтқаны сеп болмақ. Бұдан бөлек, алдағы жылдары «Тенгизшевройл» компаниясы да жылдық жоспарды артығымен орындайтындарын айтып отыр. Айта кетейік, биылғы жарты жылдықта шамамен 53 миллион тонна қара алтын өндірілді.

 

«ҚазТрансГаз» Грузияның арбитраждық сотына шағымданды

Қазақстан мен Грузия «ҚазТрансГаз-Тбилиси» компаниясына қатысты кикілжіңді шешуде ортақ келісімге келмек. Өткен жылы қазақстандық тарап Грузияның арбитраждық сотына шағымданған болатын. Онда «ҚазТрансГаз-Тбилиси» еншілес компаниясына бақылауды қайтарып беруді және 180 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Бұдан кейін қос ел мәселені дау-дамаймыз шешеміз деген байламға келді. Бұл туралы kursiv.kz хабарлайды. Естеріңізге салсақ, 2016 жылы «ҚазТрансГаз» грузиннің банкротқа ұшыраған компаниясын сатып алады. Ол үшін 12 жарым миллион доллар жұмсайды. Ал арада үш жыл өткенде қазақстандық менеджерлер компанияны тізгіндеуден шеттетіледі. Оған себеп ірі көлемдегі қарыз деп көрсетілген.

Даир Көшеров, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары:

– Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ мен Грузия үкіметі арасында ортақ мәмілеге келу туралы келіссөз жүргізілуде. Алдағы уақытта түйткілдің түйіні тарқайды деген сенімдеміз.

Егер әлемде мұнай бағасы көтерілсе, төл теңгеміз құлдырап жатыр. Қазақстан қор биржасындағы мәліметтерге сүйенсек, бір доллар 370 теңге 36 тиын болды. АҚШ ақшасы алдыңғы күнмен салыстырғанда, шамамен 3 теңгеге қымбаттады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір ақша айырбастау бекеттерінде бір доллар 375 теңгеге сатылып жатыр.

 

ҚР ИДМ: билеттер бағасы қымбаттамайды

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, әуе, теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды. Ведомство басшысы мамандардың әлемде және елде болып жатқан оқиғалардың қызмет көрсету саласына әсері бар-жоғын бақылап отыратынын тілге тиек етті.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Билеттердің бағасына не әсер етуі мүмкін? Бірінші себеп – әуе отыны. Екіншіден, әуе кемесі жалға алынса. Бүгінгі таңда әуе отынының бағасы тұрақты. Егер отын тапшы болмаса, билет құнын көтеруге еш негіз жоқ. Әрине, өткен жылы әуе отыны жетіспегені рас. Биыл мұндай мәселе туындамайды деген сенімдеміз. Оған қоса келер жылы отын мәселен түбегейлі шешеміз деген жоспар бар.

 

Алматы облысында ғаламтор арқылы мал сататын сайт сұранысқа ие

Алматы облысында ғаламтор арқылы малды саудаға салатын сайт сұранысқа ие. Енді кез келген тұрғын инетернет арқылы сауда жасай алады. Сайтты жасақтаушылардың айтуынша, 21 ғасырда мал базарына барып, уақытыңды босқа кетірудің қажеті жоқ. Керісінше, еш шығындалмай, уақыт үнемдеп сайт арқылы сатуға мүмкіндік жасалған. «Онлайн базарда» сату, ауыстыруға болады. Сайттың жұмыс істегеніне екі ай өткеніне қарамастан, жарнама берушілер қатары көбейіпті. Қазірдің өзінде еліміздің әр өңірінен 320 қолданушы тіркелген. Жоба авторларының айтуынша, күніне әр хабарландыру 500 -ге жуық қаралым жинайды.

Аслан Көбентаев, жоба авторы:

– Апта соңында тұрғындар базарға барып, жылқы сатады. Оның шығыны көп. Күні бойы аяғыңнан тік тұрасың. Сол еңбегіңе апарған малың өтсе, жақсы. Жолың болмаса, қайтадан алып кетуге тура келеді. Ал мұнда бәрі ыңғайлы. Үйден шықпай-ақ, саудаңды жүргізе берсең болады.

Осы категория бойынша: « Еліміз Ауғанстанмен экономикалық ынтымақты арттырады Еліміздегі орташа күнкөріс деңгейі 29 мың теңгеден асты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы