374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 7 айда 13 трлн теңге несие берілген

  • 606
  • UPD: 12:09, 12.09.2018

Елімізде ағымдағы жылдың 7 айында 13 трлн теңге несие беріліпті.

Бұл – 28 пайызға артық көрсеткіш. Ұлттық банкте қарыздардың дені төл теңгемізбен берілгені айтылды. Ал доллармен берілетін депозиттер 45 пайызға төмендеген. Мамандар әлі де несиелеу көлемін арттыруға ниетті. Бұл үшін Бірыңғай зейнетақы қоры қаражатын құнды қағаздар алуға жұмсау қарастырылған. Сондай-ақ кейбір қайтарылмай келген несиені қайта қаржыландыру жүйесі қолға алынды. Осындай жұмыстар екінші деңгейлі банктердің 1 трлн теңге қарызын қайтаруға мүмкіндік берді.

 

Жылдық жоспардың 64% орындалды

Елімізде жыл басынан бері 67 мың баспана пайдалануға берілді. Жалпы аумағы – шамамен 7,7 млн шаршы метр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 111,8 пайызға артық. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің хабарлауынша, құрылысқа 701,6 млрд теңге инвестиция құйылған. Пайдалануға берілген үйлердің 26 665-і – жеке тұрғын жайлар. Жалпы биыл тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 64 пайызға орындалған.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Алдыңғы қатарда Алматы облысы, Шымкент қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстары тұр. Республиканың 3 өңірінде тұрғын үйлерді тапсыру көлемі төмендеген. Атап айтқанда, Қызылорда облысында 19 және Павлодар облысында 13, Астана қаласында 8,7 пайызға төмен. Жылдық 108 пайыздық жоспарға сәйкес республиканың 2 өңірінде өсім баяу.

 

Коллекциялық монеталар қатары артты

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары сериясынан 500 теңгелік күміс және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған «Сүйінші» коллекциялық монеталарын айналымға шығара бастады. Аталған монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша пайдаланылады. «Қазақстан теңге сарайында» дайындалған өнім. Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылса, мельхиор қоспасынан жасалған монеталар сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған. Коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ сайтындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Осы категория бойынша: « Елімізде жоғары жалақы төленетін мамандықтар тізімі шықты Түркия-Қазақстан сауда-экономикалық қатынасы 2 млрд долларға жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы