369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия-Қазақстан сауда-экономикалық қатынасы 2 млрд долларға жетті

  • 797
  • UPD: 11:44, 13.09.2018

Түркия мен Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынасы бүгінде 2 млрд долларға жеткен.

Қос тарап бұл межені 10 млрд доллар деңгейіне көтеруге ниетті. Түрік ағайындарынан киім-кешек, өнеркәсіп жабдықтары, т.б. алып отырмыз. Еліміз қазір Түркияға мұнай, мұнай өнімдері, металл, бидай және басқа да шикізат түрлерін саудалайды. Бүгінде елімізде 2000-ға жуық ортақ кәсіпорындар бар. Бұл тұрғыда түрік елі Ресейден кейінгі екінші орында. Аталған компаниялардың 30-дан астамы ірі, 53-і орта және 1800-ден астамы шағын кәсіпорындар. Негізінен еліміздегі түріктер тамақтану орындары, қонақ үй, логистика және сауда сияқты шағын кәсіпті дамытуда.

 

Елімізде басылым қызметі 4,6%-ға артты

Елімізде жыл басынан бері 20,7 млрд теңгеге баспа қызметі көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 4,6%-ға артық. Energyprom.kz сайтының хабарлауынша, қызметтің дені Алматы мен Астана компанияларына тиесілі. Басылымдардың 40%-ын газеттер құраса, 11%-ы журналдар. Тек 10%-ға жуығы – кітаптар. Мамандардың айтуынша, апталық басылымдар орта есеппен 99 теңгеге саудаланса, оқулықтар құны 1300 теңгеден артқан.

 

Қазақстанның өңірлеріне оқулықтардың 98,2%-ы жеткізілген

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасына орай 12 миллионнан аса оқулық алынуы керек болатын. Олардың 98,2 пайызы тиеліп, өңірлерге жеткізілген. Дегенмен, тасымалға байланысты бірқатар өңірлер оқулықсыз қалу қаупі бар. Негізі QR-коды арқылы кітаптардың электронды нұсқасын жүктеп алуға болады.

 

Мемлекет кепілдігімен несие рәсімдеу арқылы білім алуға болады

Екі жылдан бері еліміздегі студенттер қатары артқаны байқалады. Олардың 70%-ы ақылы негізде білім алады екен. Қарызға мамандық игеру мүмкіндігін Білім және ғылым министрлігі қарастырған. Ал кепіл ретінде «Қаржы орталығы» шығарылды. Бүгінде 4 қазақстандық екінші деңгейлі банктер жаңа бастамаға қолдау білдірді. Несиелеудің ең төменгі мөлшері 5 млн теңге. Қарызды 120 айға рәсімдеуге болады.

 

Мұнайдың бір баррелі 80 долларға сатыла бастады

Мұндай деректер АҚШ энергетика министрлігінің елдегі отын қоры жайлы мәлімдемесінен кейін белгілі болды. Бұл аптада қорда 5 млн баррель мұнай сақтаулы.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда 7 айда 13 трлн теңге несие берілген Қазақстанда киім-кешек өндірісі 2,5 пайызға төмендеген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы