369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда киім-кешек өндірісі 2,5 пайызға төмендеген

  • 733
  • UPD: 15:26, 14.09.2018

Transparency International ең жемқор елдерді анықтады.

Әлемде өз өнімдерін белсенді экспорттап отырған 7 мемлекет қана тиімді ұсыныстар үшін шетелдіктерден пара алмайды екен. Қандай дейсіз ғой? Олар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Италия, Норвегия және Швейцария елдері. Экспорт бойынша әлемдік нарықтағы жалпы үлесі  27%-ға тең. Ал Ресей мен Қытай аталған салада жемқорлықпен күрес ісіне мүлде араласпайтындар қатарында. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы аясындағы тұжырымдамаға қол қоймағандықтан, Қазақстан жөнінде деректер тіркелмеген. Десек те, елімізде ағымдағы жылы жемқорлық бойынша қылмыс салдарынан 9,5 млрд теңге шығын келтірілгені белгілі.

Дизель отыны арзандайды

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қараша айында дизельді отын бағасы арзандайды. Бұған акциз көлемінің бір тонна үшін 9300 теңгеден 540 теңгеге дейін төмендеуі әрі астық ору науқанының аяқталуы ықпал етеді. Бүгінде мұнай өңдеу зауыттары Атырау, Шымкент, Павлодарда бар.

Десек те, өнімнің 30 пайызын солтүстік көршілерден алып отырмыз. Бағаларға тоқтала кетсек, Ресей мен Қазақстан шекарасында бір тонна үшін 246 749 теңге төленеді. Бұл ішкі көтерме құннан  23 137 теңге қымбат. 

Киім шығару 2,5 пайызға төмендеген

Елімізде шығарылатын киімдер көлемі шамамен 2,5 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері бар-жоғы 19 млрд теңгеге өнім шығарылған. Әсіресе Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарында түсім басым. Негізінен бас киімдер, ерлер киімі, шұлықтарды шығарудан бәсеңділік байқалады. Ал жүннен жасалған киімдерде өткен жылмен салыстырғанда 43,5 пайыз өсім байқалады.  

- Бұл жағдай киім-кешек бағасына әсер етпеді ме? 

Жыл басынан бері киім-кешек бағасы 7 пайызға артқан екен. Экономистердің айтуынша, баға еліміздегі орташа инфляция деңгейінен асады.

Осы категория бойынша: « Түркия-Қазақстан сауда-экономикалық қатынасы 2 млрд долларға жетті БҰҰ елімізді даму деңгейі ең жоғары елдер қатарына енгізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы