366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ елімізді даму деңгейі ең жоғары елдер қатарына енгізді

  • 631
  • UPD: 12:42, 17.09.2018

Еліміздегі әскери саланы қаржыландыруға 520 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Оның 43 млрд ішкі істер министрлігіне тиесілі. Қаражат табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жоюға бағытталады. Ал 2020 жылы салаға 677 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Қаржының артуына діни экстремизм мен терроризге қарсы әрекеттерді күшейту әсер еткен. Әрі әскери қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жайы да қарастырылып жатыр.

Қазақстан даму деңгейі ең жоғарғы елдер тізіміне енді. БҰҰ Даму бағдарламасының  адам әлеуеті туралы баяндамасында еліміз 58 орынға жайғасқан. Ал Норвегия, Швейцария, Аустралия, Ирландия және Германия көш басында тұр. Алпауыт АҚШ 13-ші, Ресей 49-шы тұғырда.  Құжатта жиыны 189 мемлекетке рейтинг жасалса, оның 59-ы ең жоғарғы нәтиже көрсеткен. Еске салайық, 2012-2017 жылдар аралығында Ирландия үздіктер көшін бастап келді. Биыл Түркия, Доминикан Республикасы мен Ботсвана елдерінде едәуір ілгерілеу бар. Молдова мен Тәжікстан дамуы орташа елдердің тізіміне енді. Нигер, Орталықафрикалық Республика, Оңтүстік Судан, Чад пен Бурунди аталмыш рейтингте соңғы орындарға жайғасқан. 

- Бұл рейтингте бұрынғыға қарағанда ахуалы төмендеп кеткен елдер де көрсетілген шығар. Атап өте аласың ба?

- Құжат авторларының айтуынша, елдегі тұрақсыздық салдарынан Сирия 27, Ливия 26 және Йемен 20 орынға төмендеген көрінеді. 

Қазақстанда биыл 3200-ге жуық кәсіпорын банкротқа ұшырады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары. Бұған қоса, «Атамекен» Ұлттық палатасына бизнесті қолдау бойынша 22 мың өтініш келіп түскен. Мамандар жыл сайын саладағы құқық бұзушылық жағдайы артып келе жатқанын баяндады. Әсіресе, тасымал бойынша келісімнің бұзылуы 6 есеге артқан. Тауарды жеткізудегі олқылықтарға жол беру де көбейіпті. Үшінші кезекте, жерді тартып алу мәселесі бар. Қазақстан бойынша 2500-нан аса дау-дамай тіркелген**.

Рустам Жүрсінов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы:

- Бұл мемлекеттік органдардың жер телімдерін беру барысын дұрыс сақтамауынан болып отыр. Көптеген әкімдіктер аукцион арқылы беру бойынша жер кодексі нормаларын аяқ асты етеді. Соңғы 3-4 жылда кәсіпкерлер иелігін белгілеп, қаражатын құйған, осылайша бір терезе қағидаты арқылы ХҚКО-нан өз учаскелерін алған.  Ал әріқарай әкімдіктердің қандай талап бойынша жұмыс істегені беймәлім. Жағдай қиындап келеді.

- Сонда елімізде кәсіпкерлердің құқығы тиісті деңгейде қорғалмай жатыр ма?

- Кәсіпкерлікті дамыту бар да, оған тікелей қатысты адамдарды қолдау бар. Кейде олқылықтарға жол беріліп жататыны өкінішті. Дегенмен, осы жағдайға байланысты алдағы күндері арнайы келісімшарттар банкі іске қосылады. Оған 500-ден аса құжат енеді деп көрсетілген. Оны жүктеген кез келген шағын және ірі кәсіп өкілдері жеке келісімшартын жасау мүмкіндігіне ие болады. 

133 қазақстандық жас Түркияның 6 жоғары оқу орнында білім алатын болады. Олар әлемдегі 250 үздік университеттің қатарында. Бұл «Болашақ» бағдарламасының ауқымы кеңейгеніне дәлел. Келешекте тағы 15 білім ордасымен келісім орнату көзделген. Еске салайық, өткен жылы Қазақстанда 240 түрік студенті білім алған, олардың саны биыл 300-ден асты.

Хабар 24 телеарнасы