366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана банкі» лицензиясынан айырылды

  • 656
  • UPD: 19:09, 19.09.2018

«Астана банкі» тиісті талаптарды бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Астана банкінің лицензиядан айырылғаны туралы ақпарат тарады. Оған төлем және аударым жасау операциялары бойынша келісім талаптарын дұрыс орындамай келгені себеп. Қазір уақытша әкімшілік тағайындалған. Оған банктің барлық басқару органдары өткізілді. Ол қаржылық шаралар толық таралғанша жұмыс істейтін болады.

Азаматтар әлі де банктегі есепшоттары мен депозиттерін қайтарып алуға үмітті. Бұған мемлекет те жәрдемдеседі деген үміттеміз. Әліптің артын бағайық.

 

Астанада 2023 жылға дейін 100 мың пәтер пайдалануға беріледі

Ал алдағы 5 жылда Астананың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің кезекті отырысында Астананың кешенді жоспары қабылданған болатын. Ол бойынша 2023 жылға дейін Елордада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй, бір сөзбен айтқанда 100 мың пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту, тұрғын үй құрылысын арттыру мүмкіндігі қаралады. Бұған қоса 121 шақырым жол, 2 жол айрығын, 3 көпір, 1 жол өтпесін, 1 жер асты жолын салу және 1 айналма жолды аяқтау жоспары бар.

100 және 200 еуро номиналды жаңа банкноттар нарыққа шығады

Еуропалық орталық банктің хабарлауынша, келер жылы 100 және 200 еуро номиналды жаңа банкноттар нарыққа шығады. Оны көшіріп басу мүмкін емес. Себебі бұл үшін арнайы инновациялық әдістер пайдаланылады. Жалпы ақшаның ұзындығы баяғы қағидаға негізделсе де, көлемі кішірейіп, 50 еуроға ұқсап қалған. Мамандар 50, 100 және 200 еуро бірдей биіктікте болғандықтан тез ескірмейтінін алға тартты. Ал жаңа банкноттарда қорғаныс және машинада оқылу элементтері бар.

 

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына шикізат тапшылығы кедергі

Бұл туралы курсив.кз сайтының тілшісіне жеңіл өнеркәсіп ұйымдары қауымдастығының президенті Любовь Худова хабарлаған. Бүгінде терімен айналысатын зауыттар жабылудың сәл алдында тұр екен. Себебі, олар қазір жалпы қуаттылығының 30%-ын ғана жұмсап отыр. Ал дайын өнімді қымбат бағаға импорттау арқылы тығырықтан шығуға мәжбүр. Бұған елімізде өңделмеген терілердің заңсыз жолмен келуі себеп. Қауымдастық Президентінің айтуынша, олқылыққа жол бермеудің амалдары жасалған. Тек түбегейлі шешім табылған жоқ. Себебі, бүгінде ірі қара терісін экспорттау үрдісі артып келеді. Өңделмеген терілер Еуропа, Қытай және Азия елдерінде сұранысқа ие.*** +SNX

 

450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын көтеруге жұмсалмақ

«Цеснабанктан» алынған 450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын көтеруге жұмсалмақ. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, еліміздің ауылшаруашылық секторына валюталық несиелер едәуір салмақ түсіріп отыр. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банк шаруаларға қолдау ретінде осы шараны қолға алған. Басты мақсат – қазіргі экономикалық жағдайда саланың қарқынды дамуына жағдай жасау. «Ол үшін агроөнеркәсіп кешендерінің қарыздарын азайтып, жұмыстарын жеңілдету маңызды», - дейді Ақышев. «Агробизнес -2020» және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы – «Цеснабанк» АҚ. Саланы несиелендірудің 65%-ы да осы банкке тиесілі.  Осы орайда банк «ҚазАгро» холдингімен бірігіп, валюталық несиелерді қайта қаржыландырып, мерзімдерін ұзарту мәселесімен айналыса бастады.*

 

Қазақстандықтар қанша жалақы алғысы келеді?

HeadHunter сайтының деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың дені 110 мен 165 мың теңге аралығында жалақы алғысы келеді. 18%-дан көбі 220 мен 330 мың теңгені қанағат тұтыпты. Тек халықтың 3,2%-ы ғана өз еңбегін 400 мың теңгеге бағалаған. Ал 70 мың адамға жарты млн теңге төлейтін жұмыс қажет екен. Айтпақшы, 27 мың теңгені місе тұтатын жерлестеріміз де жоқ емес.

Хабар 24 телеарнасы