360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әрбір қазақстандықтың несиелік ұйымдарға 904 мың теңге берешегі бар

  • 547
  • UPD: 12:21, 20.09.2018

Ranking.kz сайтының хабарлауынша, бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға жоғары.

Әсіресе, шілде айында берілген несиелер көлемі ауқымды. 395 млрд теңге. Жеке тұлғалардың шағын қаржыландыру орталықтары, онлайн-несиелеу компанияларына шамамен 6 трлн теңге қарызы бар. Бұл өткен жылдан 16%-ға жоғары. Берілген несиелердің 90%-ы екінші деңгейлі банктерге тиесілі.

 

Қазақстанда дәрілік заттар бағасы реттеледі

Қазақстанда жаңа жылдан бастап, барлық дәрілік заттардың бағалары реттелетін болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі осылай мәлімдеді. Бұл бағытта «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Заң жобасы әзірленген. Өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді. Шетелдік өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 175 аталымдағы медициналық препараттар бағасы орташа 23%-ға, ал отандық өндірушілер134 аталымдағы дәрілік заттар бағасын 5%-ға төмендетті.

 

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter порталындағы деректерге сүйене отырып, ең өзекті мамандықтар тізімін жариялады. Белгілі болғандай, елімізде сауда саласы мамандарына сұраныс жоғары. Екінші орында есепшілер тапшылығы тұр. Порталдағы сұраныстардың 11%-ға жуығы осы мамандарға негізделген. Бұдан бөлек  туризм, IT саласы мамандары, менеджер, құрылысшыларға бос жұмыс орындары көрсетілген. Үміткерлердің салада бір жылдық тәжірибесі болғаны ләзім. Дегенмен, әңгімелесуге үш жыл жұмысы өтілі бар азаматтар шақырылса, тек 6 жылдық тәжірибесі барлар жұмысқа орналасуға үміт ете алады. Десе де, бұрын-соңды жұмыс істеп көрмеген азаматтарды жұмыс берушілердің 18%-ы сынап көруге дайын болып шықты. 

Хабар 24 телеарнасы