Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жаңадан депозит ашу шарттары өзгерді

  • 794
  • UPD: 10:27, 21.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен депозит ашу шарттары өзгереді.

Енді салымдар мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі. Ал сыйақы мөлшерлемесі салымның түрі мен мерзіміне уақытынан бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланады. Бұл орайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекіткенін айта кету керек.

Бүгінде 27 банк кепілдік депозит жүйесінің қатысады. Ал шетел валютасындағы салымдар бойынша ағымдағы тәсіл сақталатын болады. Ондағы сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан бірыңғай болып табылады және 1% деңгейінде сақталады.

 

Криптовалюта құны артып келеді

Соңғы кезде халықтың криптовалюталарға қызығушылығы артқаны белгілі. Бүгінде олардың құны да артып келеді. Биткоин курсы бір тәулік ішінде 2%-ға артып, 6403 долларға жетті. Криптонарықтың жалпы капиталы 200 миллиардты құрап отыр.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын жапон онлайн ақша ауыстыру биржасы сандық ақшалардан айырылып отырғанын айтқан еді. Жалпы шығын 60 млн долларды құраған. Бұл жағдай осымен бірнеше рет тонаудың құрбаны болған биржаның тағдырына кері әсер етуі әбден мүмкін дейді мамандар.

 

Теңге нығайып келеді

Қазақстандық биржада төл теңгеміз нығайып келеді. Соңғы сессияға сүйенсек, бір доллар 359 теңгеге теңестірілген. Бұл дегеніміздің ұлттық валютаның 3 теңгеге қымбаттағанын көрсетеді. Мамандар доллардың әлі де арзандайтынын болжап отыр.

 

Қазақстанда алтын өндірісі ұлғайды

Елімізде жыл басынан бері өңделген және жартылай өңделген алтынның өндіріс көлемі 62251 келіні құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары көрсеткіш. Ал өңделген және жартылай өңделген күмістің өндіріс көлемі 638640 келі болды. Бұл керісінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен.

Күзге қарай әшекей бұйымдардың бағасында өзгеріс болды. Мысалы, алтын әшекейлердің бір грамы шамамен 7%-ға артып, 15700 теңгеге бағаланған. Energyprom.kz сайты күміс бұйымдардың бір грамы 8,2%-ға өскенін хабарлады.

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсарту бойынша кешенді жоспар құрылады

2018 жылға 770 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасуы тиіс еді. Бұған қазынадан 105 млн теңге бөлінген. Алайда жыл басынан бері тек 72 жұмыс орны құрылыпты. Енді министрлік әлеуметтік қызмет көрсету саласын жаңғыртуға көңіл бөлмек. Ең алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсарту бойынша кешенді жоспар құрылады. Екіншіден, халықаралық талаптарды ескере отырып, қамқорлыққа зәру жандарға арналған пилоттық жобаны жүзеге асырылады. Ол бойынша өтініш берушіге қандай да бір мекемеде өзінің қатысуынсыз-ақ медициналық деректеріне негізделген қызмет көрсетіледі. Бүгінде жоба Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы