360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызға жетті

  • 924
  • UPD: 15:38, 28.09.2018

Жыл сайын елімізде қыруар қаржы жұмыссыздық мәселесін жоюға жұмсалады.

Өткен жылы 100 мыңнан астам адам мамандарды қайта даярлау курсынан өткен. Мемлекет өткен жылдың өзінде қайта даярлау курстары үшін 14 жарым миллиард теңге бөлген. Бұл қаржыға 100 мыңнан астам адам оқыған. Дегенмен соның 58 пайызға жуығы ғана екі қолға бір күрек тапты. Ал биыл Үкімет бюджеттен 110 млрд теңге қарастырды. Нәтижесінде бірінші жартыжылдықта 30 мың адам қайта даярлау курсынан өткен. Соның өзінде еліміздегі жұмыссыздар саны 440 мың адамнан асты. Демек еңбекке қабілетті халықтың 5 пайызы жұмыс таппай, бос жүр.

Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% немесе 82 мың адамды құрайды. Бұл республикадағы жұмыссыздықтың деңгейінен төмен. Жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны 2 миллион 100 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылған жастардың 1 жарым миллионы – жалдамалы жұмыскерлер, ал 456 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жатады. Жыл сайын 120 мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына қосылады, олардың 18% колледжге, 60 % жоғары оқу орындарына түседі, ал қалған 19% мамандық алмай қалады. Қалған 4 % шетелге кетеді, әскерге шақырылады.

 

Теңгенің айырбастау бағасы 8,3% пайызға әлсіреген

Жалпы соңғы 2 айда валюта нарығындағы жағдай құбылмалы. Сарапшылар бұл ретте төл теңгеміздің әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер еткендігін айтуда. Біріншіден, АҚШ долларының дамушы елдердің валютасына қатысты жалпы нығаюымен байланысты. Жыл басынан бері Түркияның ұлттық валютасы 62%-ға, Үндістанда 14%-ға, Қытайда 6%-ға әлсіреген. Сонымен қоса әлемде доллармен салыстырғанда, дамушы елдердің ғана емес және кейбір дамыған елдердің валюталары да құлдырап жатыр. Мәселен, Австралияда 8%-ға, Жаңа Зеландияда 6%-ға, Канадада 3%-ға төмендеген. 

 

Д.Ақышев «Цеснабанкке» қатысты түсініктеме берді

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев «Цеснабанкке» қатысты жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, қаржы ұйымында жоспардан тыс жағдай болған. Сондықтан «Цеснабанкке» 150 млрд теңге қаражат аударылған. Бұл ретте бас банкир экономикамыздың дамуына үлес қосатын ірі банктерді қолдауға қарсы еместігін жеткізді.

Көріп отырғанымыздай, банк акционерлері қаржылық ахуалды тұрақтандыру үшін барын салып жатыр. Дағдарысқа қарсы жаңа менеджмент тағайындалды. Онымен қоса, банк ауыл шаруашылығы саласындағы 450 млрд теңгелік несие портфелін сату жөнінде мәміле жүргізіп жатыр. Себебі кредиторды ауыстыру өз кезегінде агросектор кәсіпкерлерінің жағдайын жақсартады. Біз акционерлерді емес, азаматтар мен кәсіпорындарымыздың ақшасын сақтап қалуымыз керек. Ақша клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалады. Егер нарықтағы үлесі жоғары банктің басына осындай күн туса, ол түгел экономика және қаржы секторына әсер етуі мүмкін. Бұл қарыз Ұлттық банкке қайтады.

Хабар 24 телеарнасы