366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар шетелге 651,4 млрд теңге аударған

  • 740
  • UPD: 10:37, 02.10.2018

«Қарашығанақ» кен орны 1 млрд доллар көлемінде өтемақы төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет пен «Қарашығанақ» жобасының акционерлері туындаған келіспеушілікке байланысты ортақ мәмілеге келді. Көпжылғы ынтымақтастықты ескере келе, тараптар келіссөз жүргізу барысында дауды реттеудің өзара тиімді жолын тапты. Нәтижесінде консорциум мемлекетке 1 млрд доллар көлемінде өтемақы төлейді. Екіншіден, өнімді бөлу механизміне өзгерістер енгізіледі. Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл өзгерістер мұнай бағасы барреліне 80 долларды сақтап тұрған жағдайда 2037 жылға дейін қосымша 415 млн доллар төлеуге міндеттелді. Үшіншіден, концорциум инфрақұрылымдық жоба құрылысы үшін 10 жыл дейін қарыз беруі тиіс. Компания бас тартқан жағдайда, құны 200 млн АҚШ долларлық займның эквивалентті бағасын өтейді. 

ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті орган – «PSA» ЖШС атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қарашығанақ» жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз шынайылық индексі бойынша пікірталасқа нүкте қойып, нақты бір мәмілеге келді. Тараптар келіспеушілікті реттеудің негізгі шарттарын қамтитын қағидаттар туралы келісімге қол жеткізді. Осылайша, аталмыш дауды реттеудің біріктірілген ақшалай құндылығы республика есебіне 1,7 млрд АҚШ долларын әкеледі. Жуық арада аталмыш соманың 1,3 млрд доллары мемлекетке аударылатын болады. Мәмілеге қосымша ретінде Үкімет «Қарашығанақ» жобасының дамуы үшін концорциум міндеттемелер алатындай келісімге қол жеткізіп отыр.

 

Аймақтар бойынша кіріс деңгейі

Энергетика министрлігі ең көп табыс тапқан өңірлердің рейтингін жариялады. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы өткен жылы шамамен 83 мың теңгеден асқан. Тізімде Түркістан мен Жамбыл облыстары кірісі төмен өңірлер қатарынан көрінді. Бұл аймақтарда кірістің мөлшері шамамен 51-67 пайыз аралығында. Осы уақыт ішінде тұрғындар тұтынатын тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы бағаның көтерілуін есепке алсақ, халықтың кірісі өткен жылмен салыстырғанда, тек 1 пайызға көбейгенін аңғаруға болады. Рейтинг бойынша көш басында – Атырау облысы. Мұнда көрсеткіштер екі есе өскен.

 

Кәсіпкерлік субъектілерінің мөрді пайдалануы міндетті емес

Құжаттарды куәландыру үшін кәсіпкерлер мөрді пайдалануы міндетті емес. Енді уәкілетті тұлғаның қолы болса, жетіп жатыр. Дегенмен бұл өзгерістер мөрді пайдалануға тыйым салынады дегенді білдірмейді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өз қалауы бойынша бас тартуға құқылы. Мамандардың айтуынша, бұл процесс кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен қарым-қатынасын айтарлықтай жеңілдетпек. Сондай-ақ жаңа түзетулерге сәйкес, мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары және екінші деңгейдегі банктер құжатта мөрдің болуын талап етуге құқығы жоқ. Олар өкілетті тұлғаның қолы қойылған құжат көшірмелерін қабылдауға міндеттеледі.

 

Қазақстандықтар шетелге 651,4 млрд теңге аударған

Қазақстандықтардың бір жылда шетелге аударған қаржы көлемі 27,5% өскен. Ақша аударымы жүйесі арқылы аударылған қаражат көлемі биыл 651 млрд теңгеден асты. Шетелге жіберілген қаржы 380 млрд теңгеден асты. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 27,5% өскен. Сондай-ақ шетелден алынған қаражат көлемі 220 млрд теңгеге жетіп, 15,2% өскен. Ал ел ішіндегі ақша аударымы 50 млрд теңгені құрады. 

Қазақстан қор биржасында бір доллар 364 теңге 35 тиынды құрады. Ал ақша айырбастау бекеттерінде АҚШ валютасы 365 теңгеге саудаланып жатыр.

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін көрсеткіштерді еселеп, 12 млн шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Мәселен, өткен жылы көрсеткіш 11 млн шаршы метрге жеткен. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың 15 жылында 1,5 млн тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы