366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 510 мың мүмкіндігі шектеулі азаматқа жәрдемақы төленеді

  • 779
  • UPD: 13:00, 08.10.2018

Жыл басынан бері Ұлттық қорға түскен түсім 52,7 пайызға артып, 2,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды «Хабар24».

Инвестициялық түсімді есептемегендегі көрсеткіш осы. Мамандар қыркүйек айындағы түсімнің дені ұжымдық кіріс салығы есебінен артып отырғанын айтады. Егер осы деңгей сақталатын болса, жыл соңына дейін түсім көлемі 2,8 трлн теңгеден асуы мүмкін. Ал инвестициялық кіріс алғашқы жарты жылдықта 408,3 млрд теңгені құраса, қазір 2,5 трлн теңгеге жеткен. Ел қазынасына Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге құйылады.

 

Газ экспорты 2% артты

Елімізде көгілдір отын өндірісі 6 пайызға артты. Сегіз айда 37,5 млрд текше метр газ өндірілген. energyprom.kz сайтының хабарлауынша, өнімнің 90 пайызы Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Ал көгілдір отынды экспорттау үлесі өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 2 пайызға артып, 15 млрд текше метрге жетті. Бұл 1,03 млрд долларға тең. Әсіресе, Қытай мен Украинада біздің газға сұраныс жоғары. Мысалы, аспан асты еліне 364 млн долларға жуық газ жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл 35 пайызға артық көрсеткіш.

Белгіленген желілер бойынша таратылатын газ бағасы өткен жылмен салыстырғанда 8,6% артқан. 2017 жылы да 7,6 пайызға өсім байқалған болатын.

 

Газбен жүретін көліктерге талап күшейтіледі

ҚР Инвестиция және даму министрлігі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық бақылау қағидаларын бекітті. Ол арқылы газбен жүретін көліктерге қатысты талаптар едәуір күшейтілген. Енді газ баллоны орнатылған көліктерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы болуы міндет. Көлік құралдарының тұтқырлық жүйесінің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес болуы қажет және көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонының сериялық нөмірі және «СНГ» немесе «КПГ» белгілерінің болуы қатаң тексеріледі.

 

Жәрдемақы кімге бұйырады?

Қазақстанда 510 мың мүмкіндігі шектеулі азаматқа жәрдемақы төленуі тиіс. Биыл мемлекеттік бюджеттен бұл үшін 256,4 млрд теңге бөлінген. Келесі жылы бұл көрсеткіш 5 пайызға артады. Жалпы азаматтарға жәрдемақы төлеу бірнеше деңгейде жүргізіледі. Оның алғашқысы мемлекет қазынасынан бөлінеді. Негізгі деңгей бойынша 70 мың адам сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ресейлік кейбір құс фабрикаларының өнімдерін елге тасымалдауға тыйым салу мерзімін ұзартты. Мұндағы құс тұмауы өршіп тұрған көрінеді. Министрлік Кедендік одақ аясында тіркелген 55 кәсіпорынның өнімдерін елге жеткізуден тыйылып отыр. Бұл тізімде Алтай өлкесі, Саха Республикасы, Астрахань, Қалмық Республикасы бар.

Хабар 24 телеарнасы