384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бірнеше ортаазиялық елге теңіз арқылы Еуропа нарығына шығуға жол ашты

  • 1111
Қазақстан бірнеше ортаазиялық елге теңіз арқылы Еуропа нарығына шығуға жол ашты

Қазақстан Орталық Азиядағы бірнеше мемлекетке теңіз арқылы Еуропа нарығына шығуға жол ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі батыс пен шығысты жалғайтын күре тамырға айналды. Ұлы дала елінің көліктік логистикадағы осындай жетістігі Ташкентте өтіп жатқан халықаралық көлік және логистика көрмесінде өзгелерге таныстырылды. Осымен он бесінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге әлемнің 22 елінен 180-ге жуық кәсіпорын қатысуда. Олар көрмеге көлік саласы мен логистика, ауыр өнеркәсіп және өндірістік қауіпсіздік саласындағы жаңалықтарын ала келіпті. Тіпті кейбір компаниялар өздері жасап шығарған машина жасау саласының соңғы техникаларын да көрмеде паш етті. Әлемдік брендтер қатарына осылайша Қазақстанда жасалған тауарлар да қойылды. Әсіресе байланыс құралдары мен тәуліктің түнгі уақытында көзбен шолып бақылауға арналған оптикалық құрылғы, жылу визалық бақылау приборлары сынды түрлі қондырғылар көпшілікті қызықтырды. Отандық тауар өндірушілер көрші елдің нарығында біздің өнімдерге сұраныс жоғары екенін айтады. Аталмыш көрмеге түрікменстандықтар алғаш рет қатысты.

– Бахром Туичиев, ұйымдастыру компаниясының маркетинг менеджері:

– Халықаралық көрме Өзбекстанның ғана емес, осы шараға қатысушы компаниялар мен басқа да мемлекеттердің арасында байланыстың жақсарып, өзге елдерде өндірілетін тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе Орталық Азия мемлекеттері үшін пайдасы зор болмақ.

Әнуар Немышев, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰҚ»АҚ маркетинг бөлімінің маманы:

– Біздің порт – Қазақстан Республикасының Каспий теңізі жағалауындағы ең ірі айлағы. Компания әртүрлі жүктердің тасымалымен  айналысады. Атап айтқанда астық, мұнай, ірі көлемді контейнерлер тасымалданады. Өзбекстанның көліктік логистика көрмесі Қазақстанның аумағында жаңа бағыттар ашып, оны дамытуға мүмкіндік береді. Өзбекстан, Ауғанстан мен Тәжікстанның транзит бағыты қосылады.

Хабар 24 телеарнасы