383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде транзитті жолаушылар саны 1 млн-нан асады

  • 865
  • UPD: 15:09, 20.11.2018

Жыл басынан бері Қазақстанда суық судың бағасы 4,2 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Өңірлердегі ахуал қандай?

Еліміздің кей өңірлерінде суды тұтыну үлесі еселеніп кеткен. Соған байланысты ақы да өсті. Дегенмен бірнеше жыл қатарынан бір бағаны ұстап тұрған монополистер бар. Мысалы, Қарағандыда 2016-2020 жылдар аралығында бір текше метр судың бағасы 110 теңге 26 тиынды құрайды. Еліміз бойынша жоғары тариф Алматы қаласында да тіркелген. Атырау су арнасы келесі жылы бағаны сәл арзандатуға бекініп отыр.  Ал Шығыс Қазақстан, керісінше, 2019 жылдың бірінші маусымынан бастап суық су ақысын қымбаттатпақ. 

Еске салайық, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев желтоқсанның біріне дейін бірқатар қызмет ақысын төмендетудің кешенді жоспарын түзуді тапсырды.

404 жоба жүзеге асырылды

Еліміздегі қалалар 2025 жылға дейін түгелдей орталықтандырылған сумен қамтылады. Ал ауылдық елді мекендерге таза су тарту 80 пайызға жетеді. Елбасы өз Жолдауында «өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн» деді. Осы мақсатта ауылдық жерлерді сумен қамту үшін 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл ретте «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. Мамандар бағдарламаның барлық нысаналы индикаторы орындалып жатқанын айтады. Жұмысты тоқтатпау үшін биыл қазынадан 195 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оған 338 жоба орындалуы тиіс. Бүгінге дейін бағдарлама аясында 404 жоба жүзеге асырылып, 23 мың шақырым су құбыры тартылды. Оған 230, 1 млрд теңге жұмсалған.

8 млн қазақстандық газ пайдаланып отыр

8 миллионнан астам қазақстандық көгілдір отынды пайдаланып отыр. 11 облыста газ тарту жұмыстары жүйеленген. Соңғы 5 жылда 3 миллионнан астам абонент газға қосылды. Бұл туралы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор хабарлады. Бүгінде абоненттер саны 68 пайызға өсіп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ газды ішкі нарыққа төмен бағамен жеткізеді, осылайша қазақстандық тұтынушыларды субсидиялауда. Нәтижесінде ішкі нарықтағы сауда операцияларынан келетін шығын жыл сайын шамамен 50 млрд теңгені құрауда. Жалпы, биыл елімізде шамамен 54 млрд текше метр газ игерілген.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір пайызға жоғары.

Транзитті жолаушылар саны 1 млн-нан асады

2018 жылы транзитті жолаушылар саны 1 млн-нан асады. Негізінен Еуропадан Қытайға және Үндістанға қатынайтын жолаушылар Қазақстан арқылы өтетіні белгілі. «Бұған себеп визасыз режим», – дейді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Бүгінге дейін Қазақстан арқылы 764 442 адам қатынаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға көп. Жалпы, жыл басынан бері 13 жаңа әуе бағыттары ашылды. Ол Хельсинки-Астана, Астана-Вильнюс, т.б. бағыттар. Ал әуе көлігі арқылы 7 млн-ға жуық адам қатынаған.

Хабар 24 телеарнасы