386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің мұнай өндіру саласында IT-мамандар тапшы

  • 1630
  • UPD: 11:19, 30.11.2018

Қазақстанның мұнай өндіру саласына білікті бағдарламашылар қажет. Өйткені барлық дерлік қызметті шетелдік компаниялар көрсетіп келеді. Бұл туралы «Іскердің ісі» айдарына арнайы сұхбат берген Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов айтты.

Бүгінде елде мыңға жуық мұнай компаниялары қызмет етеді. Ондағы қызметкерлердің жалпы саны 170 мыңнан асады. Рашид Жақсылықовтың айтуынша, қара алтын өндіру бойынша қызмет көрсету кәсібі ең табысты мамандықтардың біріне жатады. Өткен жылы мұнай-сервисінен ел бюджетіне 350 млрд теңге кіріс түсті. Өзге салалармен салыстырғанда бұл едәуір үлкен көрсеткіш.

«Жер қойнауын пайдалану саласында қазақстандық компаниялар бүгінде инжиниринг қызметінің шамамен 40%-ін көрсетеді. Құрылыс жұмыстарының үлесі 60%-ке жуықтаса, логистикада – 18%. Бірақ бағдарламалық қамтамасыз ету мен тың технологиялар енгізу саласында біздің мамандар жоқтың қасы. Ал мұнай саласының болашағы IT-технологияда екені баршамызға мәлім. Қазіргі таңда қара алтын 7 шақырымға дейінгі тереңдіктен өндіріледі. Осылайша, тек жаңа әдістерді қолданып қана шығын көлемін азайтуға болады. Мәселен, Теңіз кен орнында мұнай өндірудің өзіндік құны IT-технологияның арқасында барреліне $116-дан $3,62-ға төмендеді».

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы:

- Отандық кәсіби мамандарды даярлап, шетелдік компаниялар тарапынан оларға деген сұранысты арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Мейірлан кадрда, ауызша: Бұл сұрақ - Үкімет бақылауында. Атап айтсақ, техникалық және кәсіби білім беру саласын дамытып жетілдіру бойынша шетелдік инвесторлармен әріптестік туралы Жол картасы қабылданды. Құжатқа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шетелдік инвесторлар кеңесі, Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері қол қойды. СНПС, ТотАль, Русал және Польфарма компанияларында кадрларды дайындау тәжірибесімен бөлісу үшін семинарлар, білім сессиялары мен басқа да шараларды өткізу жоспарланып отыр.

2025 жылы 1 млн жаңа жұмыс орыны ашылады 

2025 жылға қарай Қазақстанда 1 млнға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Бұл туралы «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумында ел үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев хабарлады. Жаңа еңбек нарығы тек негізгі салаларды қамтып қана қоймай, өндірісті автоматтандыру, цифрландыру бағыты сынды тың қызмет түрлерін де айналып өтпейді. Сондай-ақ Үкімет кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына басымдық беріп отыр. Осы мақсаттарға 2017 жылдан бастап 190 млрд теңге қаражат бөлінген. Осылайша, еңбек өнімділігін 50 процентке және дайын өнім экспортын 41 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отыр. Алдағы 7 жылда ұлттық еңбек нарығына орта және жоғары оқу орындарынан шамамен 2 млн түлек бағытталады деп күтілуде.

Жапония мұнай импортын қысқартып жатыр

Қазан айында күншығыс елі 13,5 млн килолитр көмірсутек шикізатын сатып алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 8 процентке аз. Атап айтсақ, Сауд Аравиясынан, Біріккен Араб Әмірлігінен, КАтар мен Иран Ислам Республикасынан "қара алтын" сатып алу көрсеткіші едәуір төмендеген. Ал Кувейт пен Ресей елдерінен мұнай саудалауда керісінше сәл де болса өсім бар. Жапония, АҚШ пен Қытайдан кейінгі әлемнің үшінші экономикасына жататыны белгілі. Десек те, соңғы жылдары елде қуат үнемдеу технологиясы қарқын алғалы шет мемлекеттерден жер асты байлығын шағын көлемде импорттау үрдісі байқалады. Мәселен, жанармайды үнемдейтін гибрид көліктер тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Бірақ бұл да негізгі себепке жатпайды. Неге десеңіз, Жапонияда демография көрсеткіші стагнацияға ұшырап, халық саны 308 мың адамға қысқарған. Жыл басында бала туу көрсеткіші де бәсеңдеген. Айта кетейік, бүгінде ел азаматтарының саны - 125 млн 500 мың адам.

Ұлттық банк екі аптадан соң қайта қаржыландыруды тоқтатады 

Тура екі аптадан кейін Ұлттық банк валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру өтініштерін қабылдауды тоқтатады. Банктердің қайта қаржыландыру мерзімі келер айдың соңында толық аяқталады. Бұл туралы Қазақстанның Бас банкі хабарлайды. Еске салайық, бағдарлама 2015 жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Қаражат 2004-2009 жылдар аралығында банктер ұсынған ипотеканы қайта қаржыландыруға бағытталған. Осы мақсаттарға 300 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қараша айының басында 25 мың қазақстандық отбасы кепілдікке қойған жалғыз баспаналарын сақтап, 40 процентке дейінгі жеңілдіктерге ие болды. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін шетелдік валютамен берілген қарызды да қайта қаржыландыру науқаны жалғасуда. Валюталық берешектер Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша төл ақшамызға аурадылып, долларына 188 теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы