384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады

  • 1106
  • UPD: 18:12, 03.12.2018

Қазақстанда кино билеттері қымбаттаған. Орташа баға 1224 теңге. Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылады. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны 1749 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген. Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге тамашалауға болады. Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтады. 

Биылғы жылдың 3 тоқсанында елдегі импорт үлесі де артты. 23,72 млрд доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға артық. Тауар айналымы жөнінен басты серіктесіміз Ресей Федерациясы. Көршілерден ағымдағы жылдың 8 айында 8 млрд доллардың өнімі алынды. Сарапшылар арнайы рейтинг жүргізе келе елімізде өзге елдерден тасымалданатын өнімдерді жіктеген. Әсіресе, қара металлдан әзірленетін жабдықтардың дені шетелден алынады екен. Байқағанымыз, көлік үлесі де қомақты екен. Шетелдік дәрі-дәрмекке де сұраныс артқан көрінеді. Еліміз бұл үшін 800,2 млн доллар жұмсаған,  ал 786,84 млн долларға құбырлар алынды.

2026 жылы халал туризм нарығы жылына 300 миллиард долларға жетеді. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 221 млрд долларды құрайды деп жоспарланған. Әзірге 181 млрд долларға тең.  Екі жылда мұсылман туристердің 156 млн-ға көбейеді. Осы арқылы жаһандық ЖІӨ-ді 183 млрд долларға жеткізу жоспары бар. Айта кетерлігі бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 148 млрд. долларға көп. Саланы дамытуға 5,6 миллион адам тартылып, 24 миллиард доллар салық түсіру көзделген. Айта кетерлігі, АҚШ ЖІӨ-не түсетін 21,4 млрд долл мұсылман туристердің үлесіне тиесілі. Екінші орында Таяу Шығыс. Мұнда 18 млрд, одан кейін, Азия мен  Еуропа тұр. 2020 жылы мұсылмандардың сапарына жаһан  122 млрд долларын жұмсамақ. Еске салайық, 2017 жылы Халал туризм саласында БАӘ тұрғындары көш бастап, ел аумағында 17,6 млрд АҚШ долларын жұмсаған.

7 желтоқсан күні Астанада үлкен форум өтпекші. Онда отандық туризм индустриясын дамыту тетіктері қарастырылмақ. Тұңғыш рет ұйымдастырылатын ауқымды шараға “Жаһандық цифрландыру дәуіріндегі туризм: жаңа ұрпаққа бағдар” тақырыбы өзек болады. Онда еліміздің туристік брендінің тұжырымдамасы тұңғыш рет таныстырылады деп жоспарланған. Айтпақшы, форумға Қазақстандық сарапшылардан бөлек Үндістан, Украина, Беларусь және Қырғызстаннан келген меймандар қатысатын болады.

 Ұлттық банк шығарған алтын құймалар валюта айырбастау пунктерінде сатыла бастады. Бас банктің 2014 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстанда қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына сай, айырбастау пунктері мини-құймаларды сатуға мүмкіндік алды. Биыл аталған қаулыны нормативті-құқықтық актінің мемлекеттік реестріне енгізді.  Айта кетейік, 2017 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер алтын құймаларды сатуға рұқсат алған еді.

Хабар 24 телеарнасы