384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 442 мың адам жұмыссыз жүр

  • 1386
  • UPD: 10:56, 07.12.2018

Елімізде 442 мың жұмыссыз адам тіркелген. Статистика комитеті осындай дерек келтіреді.

Бұған дейін министрліктегілер жұмыссыздық деңгейінің 2019 жылға дейін 5 пайыз мөлшерінде сақталатынын болжаған.

Қараша айында 9 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылғаны белгілі. Олардың дені – жалдамалы қызметкерлер. Жалпы жұмыспен нәтижелі қамтылғандар 89,7 пайызды, нәтижесіз қамтылғандар 10,3% құрады. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің тіл табысуына не кедергі?

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз шамасында. Дегенмен бұл көрсеткіш елде жұмыс көзі жоқ дегенді білдірмейді. Бір ғана HeadHunter сайтында 18 мыңнан аса бос жұмыс орны көрсетілген. Оның үстіне түрлі салада білікті мамандар тапшылығы жиі айтылады. Сайттан сауда, бухгалтерия, әкімшілік персонал, ақпараттық технология, инвестиция және лизинг саласында бос орындар көп екенін байқауға болады. Оған қоса өнер, көңіл көтеру, медиа, юриспруденция сынды салаларда жұмыс табу қиын. Көрсетілген мамандықтар үшін жоғары жалақы ұсынылады. Ең жоғары жалақы «Ақпараттық технологиялар, интернет, телеком» саласында. 749 265 теңге. «Әкімшілік персонал» үшін 49 952 теңге ұсынылған. Бұл – ең төменгі көрсеткіш.

Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасының редакцияланған нұсқасы қолданысқа енеді. Оның аясында еңбек ету қабілетінен айырылғандар, асыраушысын жоғалтқандар және жұмыссыздарға төленетін әлеуметтік төлем көлемі 30 пайызға өседі. Айтпақшы асыраушысынан айырылған отбасыға әлеуметтік төлем төлеу көрсеткіші отбасы мүшелерінің құрамына қарап көбейтілмек. Ал жұмыссыздар алатын төлемақы 40%-ға артып, 6 ай бойы төленеді. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек. Бүгінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында» 1 трлн 400 млрд теңгеден астам қаражат бар. Жыл сайын 770 мыңнан астам адам 160 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемақы алады. Еске саламыз, биылдан бастап тұрмысы төмен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. 10 айдың ішінде 103 мыңға жуық отбасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Ұлттық банк 2020 жылы көрсеткішті төмен 4 пайыздан азайтуды көздейді. Данияр Ақышев қазан айында жылдық инфляция деңгейі 5,3 пайызға төмендеп, 3,7 пайызға жеткенін айтады. Бұл – 2015 жылғы қазаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. 11 айда теңге 11,8% әлсіреді. Депозиттерді төл валютамен рәсімдеу жүйесі долларды дедолларизациялауға әкеле жатыр. Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеу саясатын жүргізуді жалғастыра береді. Келер жылы 4-6 пайыз дәлізінде ұстау көзделген.

Астанадан Алматыға қатынайтын «Бәйтерек» пойызының жолаушылары қолданбаған жол жинағы үшін млн теңгеге жуық қаражат төлеген. Гигиеналық жинақ ақысы билет құнына қоса есептеледі. «ҚТЖ» растағандай, жолаушыларға бірнеше күннен бері 1600-ге жуық жинақ табысталмаған. Оған себеп, жеткізіп берушілердің кешіктіруі екен. Жолаушылар өзіне тиесілі заттарды www.temirzholy.kz сайтынан біліп, ала алады.

Хабар 24 телеарнасы