384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ет қымбаттады

  • 1757
  • UPD: 11:44, 12.12.2018

Ет дегенде бет бар ма? Көп адам осы риторикалық сұрақты ет тұтынушыларына емес, ет сатушыларға да қойғысы келіп жүр. Өйткені елде ет бағасы 5-10 процентке қымбаттаған. Алайда, өсім инфляция деңгейінен аспады. Құнның шарықтауын көбіне жылқы етін тұтынушылар байқаса керек.

Өйткені ет келісі 1745 теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 200 теңгеге қымбат. Доңыз бен сиыр еті де 7 процентке өсіпті. Қой етінің бағасы былтырмен салыстырғанда 100 теңгеге, ал тауық еті 50 теңгеге жоғарылаған. Десек те, қазақстандықтар ет пен ет өнімдерінен бас тартуға немесе тұтыну көлемін азайтуға асықпайды.  

Елордада көп қабатты 228 тұрғын үй сүріліп, 5519 отбасы жайлы пәтерлерге көшірілді. Жаңа баспаналар қала тұрғындарына өтеусіз негізде берілді. Шаһарды тозығы жеткен үйлерден тазарту бағдарламасы барысы туралы қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун хабарлады. 2012 жылдан қолға алынған жобаның екінші кезеңі шеңберінде жаңа 733 пәтерді қамтитын 33 тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Әкім орынбасары сүрілетін аудандарды атады.

Сергей Хорошун, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Көнерген үйлер Асан қайғы көшесінде көп. Сондай-ақ «Мыңжылдық» саяжолы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы саяжай алқаптарында және Комсомол ауданында бар. Алдағы 5 жыл ішінде ондағы ескірген үйлер сүріледі деп сендіре аламын. 

Тұтыну көлемі демекші, мұндағы өсім 1,5 процент, яғни әрбір жан басы тоқсан ішінде 19 келі ет жейді. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынған мәліметке сәйкес, ет пен ет өнімдерін көптеп тұтынушы тұрғындар Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында көп екені анықталып отыр. Мұндағы тоқсандық көрсеткіш кісі басына 22 келі. Ал Қызылорда мен Түркістан облысының тұрғындары етті аз жейтін көрінеді – жан басына небәрі 15 келі, делінген ранкинг.кз порталында. Қазақстанның ет одағындағылар болса, өнім бағасының көтерілуін инфляциямен және жанармайдың қымбаттауымен байланыстырады.   

Дәнді және майлы дақылдың экспорты артты

Азық-түлік келісім корпорациясы" ұлттық компаниясы таяу шығыс және шалғай шет елдерге экспорт көлемін екі еселетті. Жыл басынан аталған аймақтарға 400 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақылдар жөнелтілген. Ал өткен жылы 120 мың тоннадан астам өнім экспортталды. Бидайдың едәуір бөлігі Кавказ елдеріне жеткізілді – 145 мың тонна. Шамамен 120 мың тонна көршілес Орталық Азия мемлекеттеріне және 19 мың тоннасы Қытайға бағытталды. Аспан асты еліне 417 тонна күнбағыс майы жолданды. Иран Ислам Республикасына 110 мың тонна арпа жеткізілген. «Ақ Бидай» астық терминалы арқылы аталған өнімнің шамамен 713 мың тонна тиелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың тоннаға артық.

ҚР Ұлттық Банкі төлем балансы шотының келер жылға арналған болжамы

Ағымдағы болжамның базалық сценарийі Brent маркалы мұнайдың 2018 жылғы желтоқсаннан бастап бір баррель үшін бағасы $60 болып саналады. Қазақстанның орта мерзімді перспективадағы экономикалық өсу қарқынының болжамы алдыңғы күтулерге қарағанда біршама жақсы. Мұнай өндірудің күтілетін көлемі 2018 жылы 90 млн тоннаны және 2019 жылы 91 млн тоннаны құрайды. 2019 жылы экспорттың болжанып отырған мұнайды өндіру көлемдері өсуінің баяулауына және 2019 жылы бағаның сценарийлік төмендеуіне байланысты $55,1 млрд дейін 8,8%-ға төмендеуі күтіледі. Тауарлар импорты 2018 жылы $34,4 млрд дейін 7,8%-ға және 2019 жылы $36 млрд дейін 3,3%-ға өседі, деп жазады нарық.кз порталы.

Хабар 24 телеарнасы