384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде 2017 жылы 90 млн тонна құс еті өндірілген

  • 1909
  • UPD: 12:40, 13.12.2018

90 миллион 805 мың тонна. Бұл әлем бойынша өндірілетін тауық етінің көлемі.

Құс етін экспорттау бойынша қай елдер көш бастап тұр? Осы және өзге де тақырыптар туралы «Хабар 24» арнасының тілшісі айтып береді.

Құс етінің әлемдік нарығы 2025 жылға қарай 7 трлн 300 млрд долларға жетпек

Ал әлем халқының саны 8 млрд-қа өседі. «Гранд Вью Рисьерчтің» болжамы осындай. Аталған салада Азия-Тынық мұхиты аймағы ең ірі нарыққа айналады. Ал ондағы Қытайдың үлесі 40%-ды құрамақ. Әзірше Құрама Штаттар көш бастап тұр. Өткен жылы онда 19 млн тонна құс еті өндірілген. Екінші орында Бразилия, қалған орындарға Еуропалық Одақ елдері, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Ресей Федерациясы мен Мексика Құрама Штаттары жайғасыпты.

Алайда өндіру экспорттауды білдірмесе керек. Өйткені экспорттаушы елдердің көш басына Бразилия шықты - 4 млн 150 мың тонна. АҚШ әлем нарығында 3 млн тонна құс етін саудалапты. Еуроодақта 1 млн 300 мың тонна. Артынша, Таиланд пен Қытай елдері келеді. Қазақстанға жеткізілетін құс етінің едәуір үлесі америкалықтарға тиесілі. Өткен жылы 127 мың 200 тонна жеткізілді. Жалпы Қазақстан 172 мың тонна құс етін импорттаған.

Елімізде тауық етіне сұраныс артты

Елімізде орташа есеппен тоқсан ішінде әрбір жан басы 1,1 келі тауық етін тұтынады екен. Мұндағы өсім көрсеткіші 6,9%. Ауылдық жерлердегі деңгей - 0,8 келі немесе 20,3% өсім. Тұрғындар жиі тұтынатын сиыр етін кісі басына шаққанда 5,7 келіден келеді. Өткен тоқсанмен салыстарғанда 3,2%-ға аз. Жылқы етінің бағасы өскенімен, тұтыну көлемі 0,8 келіге немесе 9,8%-ға төмендеген.

ҚР ІІМ қос азаматтығы бар тұрғындарды анықтауға белсене кірісті

Осыған байланысты ведомство ресейлік әріптестерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ. Министр Қалмұхамбет Қасымовтың айтуынша, одақтас мемлекеттердің көмегінсіз бұл мәселені шешу оңайға соқпайды. Өйткені, маңайда жатқан елдерден белгілі бір азамат туралы ақпарат сұратсақ, олар мұны жеке және құпия ақпаратқа теңеп ұсынбай қояды, - дейді ведомство басшысы. Ресеймен қатар келісімге Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Армения және Грузия қосылуға әзір екен. Осы сұрақ күні кеше Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында қаралды. Ресми дерекке сәйкес, 15 мыңнан астам адам екінші азаматтығына Қазақстан төлқұжатын алған. Оның ішінде 555-і жауапкершілікке тартылса, 102-сі мәжбүрлі түрде жер аударылды, қалғаны айыппұл төледі.

Еске салайық, 2014 жылы еліміздің көші-қон қызметі қос төлқұжаты бар 4 мың адамды анықтаса, 2015 жылғы көрсеткіш шамамен 9 мың адам. Оның ішінде көбіне Тәжікстан азаматтары екен. Жалпы жыл басынан аталған елден 493 мың азамат келген және оның тек 90 мыңы тіркелген.

Қытай мен АҚШ саудада өзара ымыраласуы мүмкін

Қытай Халық Республикасы Америка Құрама Штаттарымен сауда соғысында шегінерден басқа амал таппай отыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Аспан асты елі елге әкелінетін америкалық көліктердің баж салығын 40-тан 15%-ға төмендетуі мүмкін. Forbes журналының хабарлауынша, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ пен Қытай сыртқы сауда келіссөздерінің келесі кезеңіне дайындалып жатқан сыңайлы. Мұхит арғы жағындағы елдің қаржы министрі Стивен Мнучин, сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мен Қытайдың мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ телефон арқылы АҚШ-тан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу мен аспан асты еліндегі экономикалық саясат бағытын өзгерту туралы сөйлескен. Мәселен, Apple мен Huawei сынды алпауыт компанияларға салынған шектеулер қайта қаралуы мүмкін.

Айдарымыздың соңында  отандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесіне тоқталып өтсек. Бүгінде доллар құны - 370 теңге 11 тиын. Айырбастау бөлімшелерінде шетелдік валютаны шамамен 370-372 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы