378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар шетел валютасын алуға 2,2 трлн теңгеден астам ақша жұмсады

  • 1368
  • UPD: 10:54, 27.12.2018

Жыл басынан қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алу үшін 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсапты.

Мәселен, ресей рублі мен еуроға шамамен 930 млрд теңге кетсе, АҚШ долларының үлесі бұдан да зор – 1,28 трлн теңге. Осылайша, өткен қараша айында айырбастау бөлімшелерінде сатылған рубль құны 65,3 млрд теңге. Ал жыл басынан есептегенде көрсеткіш 671,4 млрд теңге немесе шамамен 122,1 млрд рубль. Соңғы 4 ай бойы сұранысы төмендемеген еуро қараша айында арзандай бастаған болатын. Нетто-сатып алу көлемі - 27,8 млрд теңге. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 6 млрд теңгеге аз. Жалпы ел бойынша сұраныстың ең көп үлесі Алматы қаласына келеді. Ондағы нетто-сатылым 13 млрд теңгені құрап, қазан айындағы көрсеткіштен шамамен 2,3 млрд теңгеге азайған. Ал долларға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда біршама өскен. Әсіресе мұны ірі қалаларда байқауға болады. Сұраныстың пайыздық үлесі – 70 процент. Қараша айында қазақстандықтар долларды сатып алуға шамамен 160 млрд теңге жұмсаған. Ең жоғарғы көрсеткіш тамыз бен қыркүйек айларында тіркелді. Жыл басынан айырбастау бөлімшелеріндегі нетто-сатылым көлемі шамамен 3 млрд 665 млн долларды құрады. Сұраныс тек Жамбыл мен Солтүстік Қазақстанда төмендепті.

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына байланысты Жайық өзенінен 70-ке жуық сынама алынған. Нәтижесінде судың құрамы өзгеріске ұшырамағаны белгілі болды. Атырау облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшылығы осылай деп хабарлады. Барлық сынама зертханалық тексеріске жіберілген. Бүгінде арнайы құрылған комиссия тобы қырылған балықтардың нақты санын есептеп жатыр. Осыған байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Облыстық экология департаменті «Атырау Су Арнасы» мекемесінде тексерулерді аяқтап, жергілікті жылыту-электр орталығы ұйымын тексеру үшін топ жасақтап жатыр. Сондай-ақ тағы екі нысанда тексерулер жүргізіледі. Еске салайық, балықтардың жаппай қырылу дерегі өңірде желтоқсан айының басында тіркелді. Сол кезде Перетаск өзенінен бір тоннадан астам өлі балық шығарылған еді.

«Балық шаруашылығы субъектілерін жұмылдырып, құзырлы органдар мен инспекторлардың ортақ күшімен жалпы салмағы 4 тонна 165 келі болатын «частик» балықтары табылды. Қорға келген шығын көлемі 4 млн 200 мың теңгені құрады. Ал Перетаска тармағында шығынға ұшыраған балық көлемі - 1 тонна 304 келі немесе 1 млн 254 мың теңге. Осы жағдайға байланысты полиция департаментіне қылмыстық іс құжаты ретінде анықтама жолданды»

Данияр Баймағамбетов, Атырау облысының орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы

- Өңірде өзге де балық түрлерінің қырылу деректері тіркелді ме?

- Мәселен, желтоқсан айының басында бекіре балығы шығынға ұшыраған болатын. Жергілікті Луговской балық зауытында аталған су мекендеушілерінің шамамен 30 мыңы өзен бетінен табылған. 

Жыл басынан қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алу үшін 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсапты. Мәселен, ресей рублі мен еуроға шамамен 930 млрд теңге кетсе, АҚШ долларының үлесі бұдан да зор – 1,28 трлн теңге. Осылайша, өткен қараша айында айырбастау бөлімшелерінде сатылған рубль құны - 65,3 млрд теңге. Ал жыл басынан есептегенде көрсеткіш – 671,4 млрд теңге немесе шамамен 122,1 млрд рубль. Соңғы 4 ай бойы сұранысы төмендемеген еуро қараша айында арзандай бастаған болатын. Нетто-сатып алу көлемі - 27,8 млрд теңге. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 6 млрд теңгеге аз. Жалпы ел бойынша сұраныстың ең көп үлесі Алматы қаласына келеді. Ондағы нетто-сатылым 13 млрд теңгені құрап, қазан айындағы көрсеткіштен шамамен 2,3 млрд теңгеге азайған. Ал долларға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда біршама өскен. Әсіресе мұны ірі қалаларда байқауға болады. Сұраныстың пайыздық үлесі – 70 процент. Қараша айында қазақстандықтар долларды сатып алуға шамамен 160 млрд теңге жұмсаған. Ең жоғарғы көрсеткіш тамыз бен қыркүйек айларында тіркелді. Жыл басынан айырбастау бөлімшелеріндегі нетто-сатылым көлемі шамамен 3 млрд 665 млн долларды құрады. Сұраныс тек Жамбыл мен Солтүстік Қазақстанда төмендепті.

Қостанайда депозиттік база көлемі артты

Қостанай облысының екінші деңгейлі банктерінде депозит салымдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 18 процентке артқан. Бұл 2016-жылғы көрсеткіштен 35 процентке жоғары. Ал ақшасын төл теңгемен сақтаушылардың үлесі 70 процент. Айта кетейік, бүгінде өңірде екінші деңгейлі банктердің 13 филиалы қызмет етеді. Ұлттық банктің жергілікті филиалының деректері бойынша осы жылдың қазан айында депозиттік база мөлшері - 392 млрд теңгені құрапты. Өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ, 146 млрд теңгеге көп. Шамамен төрттен бір бөлігі кәсіпорындардың үлесіне тиесілі. 290 млрд теңге көлеміндегі негізгі бөлігі жеке тұлғалардың салымынан құралып отыр. Мамандардың есебі бойынша, кісі басына жобалап алсақ, 330 мың теңгеден келеді. Экономистердің айтуынша, әлемдегі қаржылық дағдарысқа қарамастан, депозит көлемі ұдайы артып отыр. Бұл азаматтардың қаржылық сауаттылығын байқатса керек дейді, сарапшылар.

Иранда блокчейн технологиясы дамып келеді 

Иран Ислам Республикасында соңғы жылдары блокчейн-технологиясы дамып келеді. Әзірше нақты нәтижелер болмағанымен, АҚШ Тегеранға осы мақсатта қызмет көрсетуге қарсы еместігін білдірген. Өйткені елде блокчейнге негізделген жобалар жоғары қарқынмен қолға алына бастапты. Бұл туралы «ВестиЭкономика» сайты хабарлайды. Иранның орталық банкі Жергілікті ақпарат және коммуникациялық технологиялар министрлігімен бірлесе екі виртуалды валютаны әзірлеп жатыр. Ресми билік те криптовалютаға қатысты өзінің нақты ұстанымын білдірді. Сондай-ақ, қараша айында Жоғарғы киберкеңістік кеңесінің басшысы Аболхасан Фируз Абади Иран үкіметі криптовалюта өндірісін өз алдына бөлек сала ретінде таныды. Алдағы уақытта Иранның орталық банкі виртуалды қаражат түріне қатысты нормативтік талаптарын жариялап, валютаның орталық бақылаудан алынуын мойындайды деп күтіліп отыр. Осы процестің қаншалықты маңызды болары белгісіз, дегенмен осы жылдың сәуірінде қаржылық мекемелердің криптовалютамен жұмыс жасауына қатысты салынған тыйым алынады, деп жазады «Аль Монитор» басылымы. Еске салайық, 14 қараша күні Иран Ереванда өткен «ЧейнПойнт» конференциясында Ресей Федерациясымен және Армения Республикасымен ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын.  

«Тоуота» 400-ге жуық көлікті кері қайтарып алды

Жапондық Тойота маркасы көрші Ресейде 400-ге жуық көліктерін қайтарып алатыны туралы жариялады. Мәселен, «Лексус ЭлЭс-500» үлгісіндегі темір тұлпарлардың қозғалтқышынан ақау байқалған көрінеді. Бұл туралы «Ведомости» сайты хабарлайды. Осылайша, 9 қаңтар мен 3 қыркүйек аралығында шығарылған көліктерді қайта оталдыру жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Аталған көлік маркасында қос турбиналы үрлеуі бар «Ви-6» қозғалтқышы қолданылады. Онда жанармайды үнемдейтін және қоршаған ортаға аз мөлшерде зиянды қалдық шығаратын «старт-стоп» жүйесі орнатулы. Бірақ қозғалтқышты сөндіріп, қайта қосқан кезде жүйе мүлдем оталмай қалуы қаупі туындауы мүмкін. Өндірушілер осының алдын алуға асығып отырғаны да сондықтан. Моторды басқару блогына орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің ерекшелігі сол, қозғалтқышқа енетін ауа көлемі нақты есептелінбейді. Зауыттағылар көліктерді қайтарып алып, блоктың бағдарламасын тегін жаңартып бермек.

Хабар 24 телеарнасы