375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 300-ден аса кәсіпорын ұн тартумен айналысады

  • 800
  • UPD: 10:31, 22.01.2019

«Сыбаға» кредиттік өнімі бойынша 600-ден астам фермер жеңілдетілген несие алды.

Еліміздегі шағын және орта шаруа қожалықтарына негізделген етті мал шаруашылығын дамыту бойынша ұзақ мерзімді салалық бағдарлама осылай жүзеге аса бастады.

Өткен жылы Қазақстан шетелге әдеттегіден 4 көп ұн экспорттады. Дегенмен мамандар мұны көңіл көншітерлік нәтижеге баламайды. Себебі, сала әлі де инвестиция тартуға қауқарсыз. Қалай дегенмен де отандық ұн әлемдегі ең сапалылар санатында. Кәсіпкерлеріміз бидай ұнын ауған еліне, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанға тасымалдайды. Қазір еліміз Ресей, Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігімен байланыс орнатып үлгерді.

Айта кетейін, 2017 жылы Қытайға 9504 тонна ұн жеткізілді. Бүгінде Қазақстанда 22 млн тонна бидай өңделеді. Отандық кәсіпкерлер тұтынушыларға ұнның үш түрін ұсынып отыр. Басты өндіруші ретінде Қостанай облысы танылған. Мұнда отандық ұнның 28 пайызы өндіріледі. Одан кейін Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының өнімі сұранысқа ие.

Еске салайық, елімізде 300-ден аса кәсіпорын ұн тартумен айналысады.

Отандық ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, жалпы нан және нан өнімдері ішкі нарықта сұранысқа ие. Жыл сайын 8,5 млн тонна бидай және тартылған бидай сыртқа экспортталады. Экспорттың әлі де, жоғарыда айтқандай, көңіл көншітпей тұрғанына осы екеуінің қосылып кетуі себеп.

Шымбұлақ қысқы курорты ТМД-дағы үздіктер қатарынан көрінді. «ТурСтат» талдау агенттігі жүргізген рейтингте Беларусь, Қазақстан, Әзербайжан, Армения және Қырғызстанның қысқы демалыс орындары көрсетілген. Демалушылардың 23 пайызы Алматының мақтанышына дауыс берді. Сөйтіп Шымбұлақ екінші тұғырдан көрінді. Ал Беларусь еліндегі Логойск пен Силичи көш бастады. Үштікті әзербайжандық Шахдаг пен Туфандаг 16 пайыз дауыс жинап, қорытындылады. Үздіктер ондығына Шығыс Қазақстандағы Алтай Альпісі демалыс базасы да кірген.

Қыста шаңғы теуіп, шынығу үшін Алматыға арнайы келетін туристер көп. Себебі, олар үшін қызмет ақысы қолжетімді. Кәсіпкерлер де курорт аумағын барынша абаттандыруға жағдай жасап жатыр.

2037 жылы жыл сайынғы әлемдік әуе жолаушыларының саны 8,2 млрд адамға артады. Демек, әуежолдарын кеңейту маңызды. Осы ретте биыл жаһанның әр түкпірінде 5 жаңа халықаралық әуежай ашылады. Бұл туралы «Бизнес травелер» хабарлады. Алғашқысы Вьетнамның Куанг Нинь провинциясында бой көтереді. Әлемдегі ірі әуежайдың бірі Бейжіңде ашылады. Ал отандық бюджеттік әуе компанияның алғашқы рейстері 2019 жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Жалпы еліміз бойынша 14 жаңа халықаралық бағыт ашылған.

2019 жылдың басынан бері елімізде 20,3 мыңға жуық шетелдік маман жұмысқа квота алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 41 мыңға жеткен. Демек биыл еңбек мигранттарының саны еселенуі ықтимал. Айта кетерлігі, Қазақстанға жұмыс іздеп келгендердің дені қытайлықтар. Одан кейін Түркия, Ұлыбритания, Үндістан және украиналықтар бар. Шетелдік жұмысшылар Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астанада тұрақтаған. Олар құрылыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, т.б. салаларда еңбек етеді.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы