375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашықтықтан оқыту бойынша қай елдер көш бастап тұр?

  • 970
  • UPD: 10:30, 24.01.2019

АҚШ-та 20 миллион студенттің үштен бірі қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің өзге елдерінде бұл үрдіс қалай дамыған?

Еуропада қашықтықтан оқыту ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл ретте қай елдер көш бастап тұр және білім алудың бұл түрі қанша тұрады?

Қашықтықтан оқыту жүйесі шетелде жақсы дамыған. Бірінші орында – Ұлыбритания мемлекеті. Онда бакалавр немесе магистр ғылыми дәрежесін алу үшін жылына шамамен 6000 еуродан 12000 еуроға дейін төлейсіз. АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында да бұл жүйе кеңінен қолданылады. Ондағы оқу бағасы – жылына орта есеппен 40000 доллар. Шетелде қашықтықтан оқу ұзақтығы бакалавр 3 жылдан 8 жылға дейін. Ал магистратура 1,5 жылдан 5 жылға дейін. Ал елімізде биылдан бастап сырттай білім беру жүйесінің орнына қашықтықтан оқыту қолданылады. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің пайымдауынша, сырттай оқыған студенттердің үлгерімі басқалармен салыстырғанда төмен. Олар материалдың 65 процентін ғана игереді. Сондықтан мұндай өзгерістер студенттердің білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді.

Бұл жүйеге көшу үшін жоғарғы оқу орындары бірқатар талапты орындау керек. Атап айтқанда, методикалық оқулықтары бар білім порталдары, телекоммуникацияларға қажетті интернет желісі, электронды оқу бөлмелері, тестілеу орталықтары, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды басқаратын желі жүйесі болуы шарт.

Жанармай экспорты 600 мың тоннаға жетуі мүмкін

Биыл Қазақстан 500-600 мың тоннаға дейін жанармай экспортай алады. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Министр мұның мұнай өңдеу зауыттарының модернизацисы нәтижесінде жүзеге асып отырғанын мәлімдеді. Жанармай экспортында Орталық Азия және Ауғанстан елдерінің нарығына басымдық беріледі.

Жалақыны кеміткен...

«Оракул» компаниясы қызметкерлерінің құқықтарын бұзды. Американдық ірі корпорация ұзақ жылдар бойы әйелдерге ер адамдарға қарағанда 20 пайызға аз жалақы төлеп келген. Компанияның Азиядағы қызметкерлерінің жалақылары да 8 пайызға төмен болған. Ең қызығы, бұл мекеме – азиялық студенттерді жұмысқа көп қабылдайды. Өйткені мұндай жұмысшылар визаны ұзартуды қажет етеді. Сондықтан колледж бітірушілер тіпті төмен жалақыға да жұмыс істей береді. АҚШ Еңбек департаменті анықтағандай, бұл – бірнеше жылдан бергі проблема. Тек үш жылдың ішінде Оракулдың әйел қызметкерлері мен қара нәсілді этникалық топтардың өкілдері 400 миллион долларға аз жалақы алған. Барлығы 5000 әйел және 11 000 азиялықтың еңбекақысы төмендетілген.

KASE соңғы сатылым бойынша бір доллардың теңгеге шаққан бағамы – 378 теңге 51 тиын.

Хабар 24 телеарнасы