378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі «БАСТ» тау-кен кәсіпорны никель концентратын шетелге шығармақ

  • 591
  • UPD: 10:01, 30.01.2019

Өткен жылы еліміздегі сыртқы сауда айналымы 84 млрд доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразиялық экономикалық одақпен байланыс аясында 5,3 млрд доллардың өнімі саудаланған.

Қазақстанда шығарылған өнімдер әлемнің бірқатар елінде сұранысқа ие. Соның дәлелі болар, көрсеткіш те жыл сайын жаңарып отырады.

2023 жылы елдегі экспорт көлемі 65 млрд доллардан асуы тиіс. Биылғы меже 54,1 млрд долларды құрайды. Өткен жылы да Қазақстан 54 млрд доллардың өнімін саудалаған. Статистикаға сүйенсек, Италияға 10 млрд доллардың тауары сатылыпты. Жалпы бұл мемлекет – еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазір Қазақстанда 300-ге тарта ортақ кәсіпорындар жұмыс істеуде. Басты бағыт – машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және тау-кен салалары. Нидерланды, Қытай, Ресейге де қомақты өнім жөнелтілген. Импорт 30 млрд долларға жуықтады. Ірі импортер – Ресей Федерациясы. Олардан 11 млрд доллардың өнімін алдық. Жалпы 2023 жылға дейінгі мақсат – көрсеткішті 39 млрд доллардан асыру.

Қазақстандықтар ақшасын төл теңгемен сақтауды жөн көреді. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, өткен жылы мұндай депозит үлесі 4,3 трлн теңгеге жеткен. Оның пайыздық мөлшерлемесі де жоғарылау. 2017 жылы бұл көрсеткіш 4 трлн-ға жетер-жетпес болды. Айта кетейік, бүгінде жеке тұлғалардың ұлттық валютамен депозит ашу шарттары өзгерген. Ол бойынша салымдар мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі. Ал сыйақы мөлшерлемесі салымның түрі мен мерзіміне уақытынан бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты қаралады. Ел бойынша 27 банк кепілдік депозит жүйесіне қатысады.

Әр банктің өз шарты бар. Дегенмен мамандар жылдық мөлшері 12-13 пайыздан асатын банктерді таңдауға кеңес береді.

Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында 5 келіге жуық 140 дана алтын құймалар сатылған. Бүгінде халық арасында алтын құймаларға деген қызығушылық артып тұр. Енді Астанадағы айырбастау орындарында да алтыннан сыбаға алу мүмкіндігі тумақ. Қазір еліміздің 50 ақша айырбастау пунктінде 5 пен 100 грамм аралығындағы құймалар сатылып жатыр. Олардың бағасы кәдімгі валюта бағамының жанында көрсетіліп тұрады. Соңғы бес жылда елімізде алтынның троя унциясы 1300 долларға артқан. Мамандар бағалы металды табысты инвестицияға балайды.

Еліміздегі «БАСТ» тау-кен кәсіпорны никель концентратын шетелге шығармақ. Ұжым өз өнімдерін ұсыну арқылы 8-10 млн доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Қазір кәсіпорын қуаты 90 пайызға тең. Биылғы таза табысы 2,5 млрд теңгеден асуы ықтимал. Жалпы әлемде өткен жылы никель өндірісі 7 пайыздан асқан. Австралия, Бразилия, Германия, Греция, Италия, Куба, Норвегия, Португалия, Ресей, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Швеция, Жапония сияқты аталмыш түсті металды өндірумен айналысады.

Ал КАСЕ-дегі соңғы деректерге сүйенсек, бір доллар 380 теңге 97 тиынға сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы