378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тазартылған мыс экспорты 4 пайызға азайды

  • 553
  • UPD: 15:20, 31.01.2019

Биыл елімізде медициналық құжаттаманың 220-дан астамы электронды форматқа ауыстырылды, деп жазады «Хабар 24» тілшісі.

Жұмысты автоматтандыру бағытында 12 форма біріктірілді. Бастаманың тиімділігі неде?

Енді денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттар қағазсыз, сандық негізде жүргізіледі. Бүгінде 221 нысан электрондық форматқа көшірілген. Қағаз нысанда жүргізу қажеттілігінің жоқтығына байланысты бастапқы медициналық құжаттамалардың 62-сі алынып тасталды, ал 5 хабарлама нысаны, 8 жолданған нысанды талдау және «Баланың даму тарихы» енді бір формада біріктіріледі. Бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардағы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу бөлігінде Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қазақстанда тазартылған мыс экспорты 4 пайызға азайды. Әлемде Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай, Ұлыбритания және Украина қазақстандық мысты тұтынады. Мыс қалдықтары мен сынығы Ресейге тасымалданады. Мамандар өткен жылы елдегі мыс игеру көрсеткіші 8 пайызға артқанын жеткізді. Сөйтіп өндіріс көлемі 103 млн тоннадан асқан. Түсті металл Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында қарқынды игеріледі. Мысалы, ел шығысында жалпы өндірістің 37 пайызы қамтылған. Бүгінде ірі өндіруші «Қазақмыс корпорациясы» барлау, игеру жұмыстарынан бөлек кенді байыту, қайта өңдеу және ішкі-сыртқы нарық жұмыстарымен айналысады. Зауыттар мен кеніштер негізінен Балқаш, Жезқазған және Қарағандыда орналасқан. Жалпы, KAZ Minerals тобы өткен жылы мыс өндірісін 14 пайызға арттырған. Әсіресе Ақтоғай кен байыту комбинатының үлесі айтарлықтай

Еуропа елдерінде табиғи газ тапшы. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады. Еуроодақта бүгінде көгілдір отын өндірісі азайған, ал өнімге деген сұраныс артып келеді. Еуропадағы бірқатар кен орынында қор таусылғалы қашан. 2017 жылдан бері мемлекеттер газды экспорттау үрдісін тоқтатты. Басылым авторлары көгілдір отынға деген сұраныстың арта беретінін болжап отыр. 2025 жылы елге 409 млрд текше метр газ тасымалдануы мүмкін. Қазір негізгі жеткізушісі – Ресей. Енді АҚШ та өзінің табиғи сұйытылған газын ұсынып отыр. Алайда мемлекеттер үшін құны қымбат газды алу тиімсіз.

Еуроодақ Қазақстан мен Түрікменстаннан қосымша газ алуды қалайды. Еліміз Еуропаға 10 млрд текше метр газ тасымалдауға қауқарлы. Оның үстіне біздегі көгілдір отын ТМД елдеріндегі ең арзаны. Өткен жылы 20 млрд текше метрге жуық газ экспортталды.

Бір АҚШ доллары 380 теңге 66 тиынға бағаланып отыр.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы