378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғаламтордағы деректерді кибершабуылдан қалай қорғауға болады?

  • 661
  • UPD: 09:49, 11.02.2019

2020 жылға қарай интернет желісіне қосылатын құрылғылардың саны 30 миллиардқа жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы олардың көбі компаниялармен басқарылмайды. Ақылды машиналар ғаламтордағы байланыс желісінің 46 процентін адамдардың көмегінсіз жүзеге асыратын деңгейге жетеді.

Өкінішке орай жеке деректерді хакерлердің шабуылынан толық қорғау мүмкін емес. Бұл – әлемдік проблема. Желідегі деректердің саны артқан сайын, хакерлердің амал-айласы да көбеюде.

Ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін қазіргі таңда ең бастысы – кибершабуылдармен күрес мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін салаға тек виртуалды соғыста тың тәсілдерді пайдаланып, инновациялық жобалар жасай алатын мықты мамандарды тарту керек. Бұл – зерттеушілердің пікірі. Расымен кибершабуылдар тұтас елдің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймайды. Желідегі қылмыскерлер әлемдік экономикаға да өз зардабын тигізуі әбден мүмкін. Бұл – біздің елде де өзекті мәселелердің бірі. 2020 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікпен айналысатын үйлестіру орталығын құру жоспарлануда. Жобаға 28 миллиард теңге бөлінген. ІТ мамандардың айтуынша, ол отандық өндірушілерді қолдап, тұрғындардың қазақстандық өнімдерге деген қызығушылығын арттыруға сеп болады.

Киберқауіпсіздік деңгейі қалай бағаланады?

Ал енді шет мемлекеттердегі жағдайларға келетін болсақ, британдық зерттеуші компания әлемдегі киберқауіпсіз елдер тізімін жариялады. Олар жеті қағида бойынша іріктеу жасаған. Алдымен пайдаланылатын ұялы телефондар мен жеке компьютерлердің саны анықталған. Кейін қаржы жымқыру мақсатында жасалған хакерлік шабуылдар мен олардың бағдарламалау жүйесіне тараған зиянды вирустардың үлесі салыстырылады. Жалпы рейтингте мемлекеттердің кибершабуылға дайындығы бағаланған. Сонымен киберқауіпсіздік деңгейі зерттелген 60 елдің ішінде Жапония бірінші орында. Ол 8,8 балл жинаған. Екінші орында – Франция, үштікке Канада елі кіреді. Сондай-ақ хакерлер шабуылдарынан қорғалған үздік ондыққа Дания, АҚШ, Ирландия, Швеция, Ұлыбритания, Нидерланды және Сингапур кіреді. Ал Вьетнам, Индонезия, Алжир елдерінің хакерлер шабуылдарына төтеп бере алуы екіталай. Мұндағы қауіпсіздік деңгейі төмен.

Әлемдік зертттеулерге сүйенсек, бұрын хакерлер қаржы секторы мен мемлекеттік мекемелердің сайттарына көп шабуыл жасаған. Ал соңғы он жылда бұл құбылыс өзгерген. Қазір желі қылмыскерлері энергетика, телекоммуникация және логистика саласын нысанаға алыпты. Мысалы, АҚШ-та жыл сайыл миллиардтаған ақпарат қолды болады. Ал украиналық хакерлер тіпті АҚШ қор биржасына шабуыл жасаған. Олар құнды қағаздар нарығы арқылы 300 мың доллар көлемінде пайда тапқан.

Биыл Қазақстан 12,2 миллион тонна мұнай өнімін экспорттайды деп жоспарлануда. Тізімде әуекеросині, дизель отыны, бензин және мазут бар. 2018 жылы нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту деңгейі: бензин - 93,2%, дизель отыны – 91,1%, әуекеросин 62% жеткен. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 2018 жылдың басынан бері Аи-92 бензинінің бағасы 160 теңгеден 153 теңгеге төмендегені байқалады. Биыл ақпан айында Аи-92 бензинінің ең төмен құны Алматы қаласында тіркелген.

«Өңдеу қуаты артты, мұнай өнімдерінің сапасы К-4, К-5 еуропалық стандарттарына сай келеді. Мұнай өңдеу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 8,6% ұлғайып, 16,4 миллион тоннаны құрады. 2019 жылы 17,2 миллион тонна өңдеу жоспарланған, яғни қазіргіден 5% артық».

Отандық қор биржасындағы соңғы сатылым бойынша доллар құны – 378 теңге 73 тиын.

Хабар 24 телеарнасы