387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономикалық даму қарқыны баяулайды

  • 1230
  • UPD: 11:28, 13.02.2019

2019 жылы әлемдік экономика рецессияға ұшырауы мүмкін. Яғни экономикалық өсім төмендейді деген сөз.  Бұл туралы Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Пол Кругман мәлімдеді. Көптеген экономистер мен  әлемдік бизнес өкілдері экономиканың дамуы баяулағанын мойындады. Бірақ саясаткерлер нарықта тұрақтылық сақталатынына сенеді. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Дүниежүжілік саммитте сөз сөйлеген Пол Кругманнің пікірінше, экономикалық түсімге «бір ғана фактор» әсер етпейді. Ол  «ең басты проблема - даму баяулағанда туатын сұрақтарға нақты жауаптың болмауы» болып шықты.

Салмағы ауыр адамдар саны бойынша бұрынғыдай АҚШ бірінші орында. Онда тұрғындардың 38,2% семіздікке шалдыққан. Мамандардың айтуынша, егер тамақтану тәртібіне өзгерістер енгізбесе 10-15 жылда бұл көрсеткіш 45%-ке жетеді. Екінші орында Мексика мемлекеті. Олардың  32,4 %-інде  артық салмақ тіркелген. Үшінші орында 30%-пен Жаңа Зеландия халқы тұр.  Ал жапондықтарда керісінше. Халықтың 4 процкентке жуығының салмағы белгіленген мөлшерден төмен.

Семіздікпен күрестің ең тиімді жолдары

Вируссыз дертпен күресте түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ең тиімділері: зиянды тағамдардың бағасын өсіру, семіздікке қарсы коммуникациялық саясат, азық-түлік сыртындағы қосымша ақпарат, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та артық салмақ туралы ақпарат тарату.

Рейтинг жасау кезінде мамандар отыз бес елдің көрсеткішін саралаған. Сондай-ақ 2030 жылға қарай семіздік деңгейі күрт артады деген болжам бар. Әсіресе Корея тұрғындары бұл мәселеге алаңдауы тиісы. Себебі ондағы адамдар салмақ жинауға бейім келеді екен. 

Ұлыбритания ЕО елдеріне 10 млрд доллар инвестиция құйған

Өзге де жаңалықтарға ойыссақ. Брекситт салдарынан британдық фирмалар ішкі нарыққа қарағанда Еуроодақ елдеріне көбірек инвестиция құя бастаған. Лондон экономика мектебінің зерттеушілері осындай тұжырымға келді. Біріккен корольдік компанияларының Еуроодақ елдеріндегі инвестициясы 10 млрд долларға жеткен. Яғни Брекситке байланысты жүргізілген дауыс берулерден кейін, ағылшындардың Еуропа мемлекеттеріне тікелей инвестициясы 12 % -ке өскен.  Ал Ұлыбританияға келетін тікелей шетелдік инвестиция керісінше 11% -ке қысқарған. Салдарынан корольдік 4,5 млрд доллар жоғалтқан. Айта кетейік, Ұлыбритания 2019 жылдың 29 наурызында Еуроодақтан шығуды жоспарлаған.

Елімізде 2018 жылы экспортталған тауарлардың бағасы – 13,8%, импорттық тауарлар бағасы 7,9%-ке өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды. Өткен кезеңде бағасы өскен экспорттық өнімдер тізімінде: темір кендері – 26%, табиғи газ – 25,7%, мұнай – 14,9%, көмір 6,1%-ға қымбаттаған.

Импорттық өнімдерге келетін болсақ, құс еті 34,7%, темекі 31,8%, көкөністер 15,2%, балық 14,3%, сондай-ақ қант пен шай да қымбаттаған.

Хабар 24 телеарнасы