389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сапалы шоколад табу неге қиын, бұған не себеп?

  • 2018
  • UPD: 11:48, 14.02.2019

Қазақстанның 9 мың жетімегін шетелдіктер асырап алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 6 мыңы АҚШ-та. Ирландия, Ұлыбритания, Германия, Франция сынды басқа да Еуропа елдеріне аттанғаны қаншама. Бүгінде қазақстандық балалардың шетел асуы сиреп келеді. Деректерге сүйенсек, 1999-2012 жылдары қазақстандық жетімдерді асырап алуға ниетті шетелдіктер күрт көбейген. 8000 бала азаматтығын ауыстырды. Ал 2013-2016 жылдары 125 баланы шығарып салдық. 2017 жылы он бала шетел асқан. Байқасаңыз, көрсеткіш жыл сайын сиреп келеді. Айта кетейін, қазақстандық баланы асырап алғысы келетін шетел азаматы шамамен 30-40 мың долларын жұмсауы тиіс. Құжат жинаудан бөлек, белгілі уақытта мемлекетті баланың жағдайынан хабардар етіп отыру міндеті тағы бар. Яғни қазақстандық жетім баланы асырап алу үрдісі күрделі. Бүгінде Испания, Италия, Франция, Канада, Бельгия, Англия сияқты елдер бала асырау бойынша Қазақстанға жүгіне алады. Тек 2012 жылдан бері АҚШ-қа мұндай құқық берілмейді.

Түркістан облысындағы жаңа шоколад цехы өз өнімдерін Өзбекстанға шығармақ. Айта кетейін, құны 800 миллион теңгелік өндіріс ошағы жылына 1100 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Әрі өнім үлесі ішкі нарықтың 5 пайызын қамтиды. Экспорт демекші, өткен жылы қанттан жасалған 93 мың тонна өнім шетелге шығарылды. Қазақстандық тәттілерді ТМД-дан бөлек, Қытай, Моңғолия және Ауғанстанда жиі тұтынады. Жалпы өткен жылы ел кондитерлері 10 пайызға аз, 105 мың тонна өнім шығарған. Ал ең ірі өндіруші – «Рахат» компаниясы. Қазір бұл – диабетке шалдыққандар үшін арнайы өнім өндіріп отырған жалғыз кәсіпорын. Рахаттың тәттілері әлемнің 9 елінде сұранысқа ие. Отандық шоколад өнімдері көпшілікке ұнайды. Дегенмен қазір сапалы шоколад алу қиын. Бұған не себеп? Бұл үшін көшірмеден табиғи шоколадты айыра білу керек. Одан кейін деректерге сүйенсек, әлемдік нарықта сапалы какао азайып келеді. Осы қарқын жалғасатын болса, алдағы уақытта маусымына 50 метрлік тонна какао тапшылығы туады. Айта кетейін, әлемдегі ірі шоколад өндірушілер көшін Швейцария, Бельгия, Австрия бастайды.

40 млрд теңге. Қазақстандықтар өткен айда жаңа автокөлік алу үшін осынша қаржы жұмсаған. «Қазавтоөндірістің» дерегіне сүйенсек, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 37 пайызға артық. Жиыны 4,3 мың көлік сатылса, оның жартысынан көбі отандық өнім. Десе де, отандастарымыздың тарапынан ресейлік Lada маркалы көлікке сұраныс көп. Тізімде Toyota, Hyundai, Kia және Volkswagen маркалары да жиі көрсетілген. Жалпы жыл басында елдегі автоөндіріс қарқын алды. «БИПЭК Авто – Азия Авто-ның» қызметін пайдаланушылар көп. Жеңіл көлік алушылардың 34 пайызы осы топқа жүгінген. Көліктердің дені Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Өскемен, Орал, Павлодар қалаларында сатылды.

Өзге тақырыпқа ойыссақ. «Эйр Астана» әуекомпаниясының өткен жылғы таза табысы 5,3 млн долларды құрады. Бұған кірістен бөлек, авиаотын құнының өсуі себеп болған. Жалпы табыс 10% артып, 840,8 млн долларға жетті. Ал өткізу сыйымдылығы 5% көбейген. Сондай-ақ Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзиттік тасымал ұлғайып, 48%-ке жетті. Бұл – барлық халықаралық тасымал көлемінің 40%.

Ал KASE-нің күндізгі сессиясы бойынша АҚШ доллары 374,08 тиынға бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы