389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-да тауарлардың еркін айналымына кедергі 70 себеп анықталған

  • 1314
  • UPD: 15:21, 15.02.2019

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Айта кетерлігі, кедергілердің 45-і екіден артық мүше мемлекетте қолданылады, тоғызы– Ресейде, бесеуі – біздің елде, алтауы – Беларусьте, үшеуі – Қырғызстан, екеуі Армения аумағында.

Иә, ЕАЭО мүше мемлекеттер арасында еліміз инвестиция құюға қолайлы деп танылды.

Кедергілерден келер қауіп

Биыл ЕАЭО шеңберінде өзара саудадағы кедергілерді алып тастау жұмыстары жалғасады. Қазір 70-тен аса кедергі кездесетіні белгілі. Оларды жою мақсатында 2018-2019 жылдарға арналған арнайы жол картасы әзірленген. Оған одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстарына сай 2 алып тастау және 15 шектеу енгізілді. Бұл кедергілер еңбек көші-қоны, салықтық салымдар, кедендік және техникалық реттеудің агроөнеркәсіп кешені салаларына жатады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, түйткілдер қатарында өзара сауданы жүзеге асыру, тауарларды транзиттеу және ішкі нарыққа қол жеткізу кезіндегі қиындықтар, жекелеген тауарлардың әкелінуіне шектеу қою мәселелері, жергілікті билік органдары тарапынан жасалатын кедергілер бар. Айта кетерлігі, мүше елдердің экономикасы 1,8 трлн долларды құрайды. Өткен жылы еліміздің одаққа мүше елдермен тауар айналымы  17,1 млрд доллардан асты. Инвестициялық ағын еселенді. Бірлескен кәсіпорындар саны 70%-ға ұлғайып, 11 мыңға жуықтады.

Еліміз ең бірінші Doing business-2019 әлемдік рейтингісіндегі орнын нықтады. Биыл 49 позицияға көтеріліп, 28 орынға тұрақтадық. Ресей 31 сатыға жоғарылап, 31-орынға жетті. Беларусь – 37, Армения – 41, Қырғызстан 70-орында.

Макарон өнімдері экспортталады

ТМД-дағы макарон өнімдерінің нарығы құбылып тұр. Бұған валюта бағамы мен бидай бағасының әсері басым. Әзірге Қазақстаннан өзге елдердің көбі шикізатты сатып алуға мәжбүр. ТМД елдерінің дені өнімді импорттайды. Мысалы, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан нарығының 60 пайызы импортқа негізделген. Еліміз 2020 жылға қарай 215 мың тоннадан аса макарон өнімдерін өндірмек. Экспорт та жолға қойылуда. Таяуда отандық кәсіпорындардың бірі жылдам дайындалатын кеспелерді Ресейге шығарды. Алдағы жоспар Беларуське, Украина, Моңғолия және Ресейге тасымалдау. Сапасы жоғары, жіті өңделген дәннен жасалған өнімді Рудныйдағы шағын цех өндіріп отыр.

Жыл басынан бері елдегі байланыс кәсіпорындары 64 млрд теңгеге жуық табыс тапты. Жіктер болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 32 млрд теңге, Интернетке қолжетімділікті ұсыну – 22,5 млрд теңге, ал ұялы байланыс қызметтеріне 17,7 млрд теңгеге жеткен. Деректер кең жолақты Интернет пен ұтқыр байланысқа сұраныс артқанын көрсетеді. Телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 18%-ін, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ін, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер 4,9%-ті құрады. Абоненттер де жаңарды. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 26 млн-ға жуықтаған.

2019 жылы әлемдік дағдарыс бола ма? Жаһан сарапшыларын осы мәселе мазалауда. Халықаралық валюта қорының төрайымы Кристин Лагард та жаһандық экономикаға ықпал еткен себептерді атап өтті. Дубайда өткен саммитте баяндама жасаған ол жұртшылықты кез келген жағдайға дайын болуға шақырды. Оның пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дағдарысының әсерін бүгіннен болжаған абзал.

Ал Қазақстан қор биржасында күндізгі сатылым бойынша АҚШ доллар 376 теңгеге бағаланып отыр.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы