389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сүт өнімдерінің бағасы артты

  • 1492
  • UPD: 10:11, 19.02.2019

Елде сүт пен қаймақ экспорты 48 процентке өсті. Отандық өндірушілер 535,5 мың тонна өнім шығарыпты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялардың сүт пен сүт өнімдерін өндіру қуаттылығы жыл ішінде 11 процентке артқан. Ал ірімшік пен сүзбе 9,3 процентке яғни 27 мың 500 тоннаға өскен. Өзге де сүт өнімдерінің, оның ішінде қоюландырылған сүт пен кілегей, йогурт, айран сынды қышқыл сусындарды өндіру қарқыны 1,8 процентке артты. «ЭнерджиПром.кз» порталы ұсынған деректер осындай. Сүзбе-ірімшік өндіруден көш ілгері Алматы облысы елдегі өндірістің 26,7 процент үлесін құрайды. Сонымен қатар алғашқы үштікке Шығыс Қазақстан мен Алматы қаласы енді, ондағы көрсеткіш сәйкесінше 12,7 және 11,7 процентке тең. Сүт пен қаймақ шығарудан да Алматы өңірі - тізім басында. Жылдық көрсеткіш 13 процент немесе 113 мың 700 тонна. Сонымен қатар үздік үштікке Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысы еніп отыр. 

Қаңтар айының қорытындысы бойынша баға өсімі де жоқ емес. Мәселен, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шикі сүт бағасы 6,8 процентке өсіп, литріне 212 теңгені құрады. Пастерленген сүт құны литріне 229 тг, қаймақ келісі үшін 1055 теңге, айран да 5 процентке қымбаттап, литріне 285 теңгеден асты. Сүзбе бағасы келісіне 1596 теңге, ірімшік - 2534 теңге.

Қостанай облысы республикада агроөнеркәсіп кешенінде көш бастап тұр

Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7 цифрлық ферма құрылады, деп жазады ҚазАқпарат. Жергілікті басқарма басшылығы хабарлағандай, жер игеруде, құс шаруашылығында, сүт және ет фермаларында «ақылды технологиялар» енгізіліп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шығынды азайтып, өнімділік пен пайда әкеле бастады. Былтыр цифрландыру саласында бес басым бағыт анықталған болатын. Олар: денсаулық сақтау, қауіпсіздік, білім, тұрғын-үй коммуналдық және көлік инфрақұрылымы. Сонымен қатар, өңірімізде ынталы түрде ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес, өнеркәсіп пен әлеуметтік салаларда шаралар жүзеге асырылды.

«Цифрландыру бойынша жол картасы жасалып, жоспарланған 130 іс-шараның 103-і орындалды, осы мақсатта бюджеттен шамамен 3 млрд. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Осы шаралардың арқасында облыс экономикасына едәуір серпін берді. 2019 жылы қосымша 6 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, қалалық басқару, әлеуметтік және экология салаларына басымдық беріледі».

Өткен жылы елдің мемлекеттік бюджеті 6,6 процентке төмендеп, 10,8 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік кірістердің төрттен үш бөлігін салық түсімдері құрайды, деп хабарлайды Финпром.кз. Мәселен, 73 проценті немесе 7,9 трлн теңге салықтан түскен кірістердің үлесінде. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,8 процентке жоғары. Оның ішінде едәуір бөлігін тауар, еңбек күші мен қызмет түрлерінің ішкі салығы құрайды – 36,7 процент немесе 2,9 трлн теңге. Халықаралық сауда үшін салынатын салық пен сыртқы операциялар профиті 1,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл жалпы салық мөлшерінің 18 процентіне тең. Ал трансферт түсімінің үлесі 38-ден 24 процентке төмендеген. Салықтық емес және негізгі капитал сатылымынан түскен кірістер сәйкесінше 226 млрд пен 92 млрд 500 млн теңгеге тең. Қос көрсеткіштің ортақ үлесі 3 процент. 

Еліміз Әзербайжанның энергетика саласындағы жобаларына қатысады

Әзербайжан мен қазақстандық мұнай компаниялар өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын сенімді басқару келісіміне қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясына сілтеме жасап «Trend» агенттігі хабарлайды. Келісімге сәйкес, Каспийдің сол жағалауындағы көршіміз жүзеге асырып жатқан жобалар негізінде өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын іске жаратуды көздейді. Осы арқылы тереңдігі 6 мың метрден асатын барлау ұңғымаларын қауіпсіз және тиімді бұрғылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, қаңтар айында «ҚазМұнайГаз» бен SOCAR басшылары Бакуде ынтымақтастық аясын кеңейтіп, теңізде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, мұнай және мұнай өнімдерін сату мен логистика салаларын дамытуға арналған екіжақты түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

Хабар 24 телеарнасы