378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда құрылысы 2020 жылы аяқталатын баспана құны дайын пәтер бағасынан арзан

  • 489
  • UPD: 10:22, 22.02.2019

Алматыда құрылысы 2020 жылы аяқталатын пәтерлердің бағасы дайын пәтер құнынан 42 пайызға арзан. Мұндай жағдай еліміздің өзге өңірлерінде де байқалады. Алайда оны алу үшін тәуекелге бел байлауға тура келеді. Өйткені аз уақыт күтіп арзан баспана алам деп, алаяқтарға алданып, ақшасынан айырылып жатқандар аз емес. Бүгінде 85 құрылыс компаниясы үлескерлермен жұмыс істеуге ресми рұқсат алған. Алайда заңды айналып өтіп жатқандар жоқ емес. Сондықтан сарапшылар пәтерді тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры арқылы алуға кеңес береді. 2023 жылға дейін қор миллион шаршы метр тұрғын үйге кепілдік беруді жоспарлап отыр. Ол кезде қордағы қаржы көлемі 280 миллирд теңгеге жетеді. Осы арқылы қор аяқсыз қалған құрылысты жеке қаржысымен аяқтайтын болады. 

Биыл республика бойынша 13 миллион ш.м. тұрғын үй салынады

Осының арқасында 118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 22 мың пәтердің құрылысын мемлекет қаражыландырады. Қалғаны түрлі компаниялар мен инвесторлардың есебінен жүргізіледі. Қолдау шаралары құрылыс саласының дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, құрылыстағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 77 процентті құрады. Ол 2017-ші жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға артық. Енді сала мамандары алдағы үш жылда отандық өндірушілердің үлесін 90 процентке жеткізуді жоспарлап отыр. 

Өткен жылы еліміздің құрылыс саласына 3,8 триллион теңге  инвестиция жұмсалды. Оның 1,2 триллионы тұрғын үй құрылысына бағытталған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,1 процентке артық. Сондай-ақ соңғы бес жылда тұр үйді пайдалануға беру көлемі 1,7 есеге өсті.

Нақты өңірлер бойынша тоқталар болсақ. Өткен жылы елорда көш бастады. Былтыр бір ғана Астананың өзінде 2,4 миллион шаршы метр пәтер іске қосылды. Екінші орында Алматы 2 миллион шаршы метр. Үштікті 1,2  миллион шаршы метрмен Маңғыстау облысы түйіндеді.

Былтыр елімізде өндірілген электр энергиясының көлемі 107 млрд киловатт сағаттан асты

Оның ішінде жасыл экономика тұжырымдасы бойынша өндірілген энергияның үлесі де бар. Бүгінде елімізде баламалы электр энергиясын өндіретін 65 нысан жұмыс істейді. 12-сі жел, 19-ы күн, 33-і гидроэлктро станциалар.  2019-ші жылдың алғашқы алты айында олар 629 миллион киловат сағаттан астам электр энергиясын өндірген. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 процентке көп. Қуаттың ең көп бөлігін шағын гидроэлектр станциалар өндірген. Шамамен 374 миллион киловат сағат. Жел электр станциалары 200 миллион келоват сағат электр энергиясын өндіріпті. Ал күн панелдері арқылы 56 миллион келоват сағат қуат өндірілген. Осылайша жалпы электр энергиясындағы баламалы қуат көзінің үлесі 1,2 процентке жетті.

Қазақстан азаматтарының қаржы институттарына берешегі 6 триллион теңгеге жетті

Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 процентке жоғары. Мәліметтерге қарағанда тұтынушылардің кепілсіз несие алуға деген қызығушылығы артқан. Бүгінде олардың үлесі 54,1 пайзды құрайды. Сондай-ақ онлайн несие рәсімдеу ісі де көпшілік арасында кең тарала бастаған. Былтыр жалпы несие алушылардың 2,5 проценті қарызды онлайн жүе арқылы рәсімдеген.

Елімізде қолма-қол емес төлем жасау жүйесі де айтарлықтай өсті. 2018-ші жылы төлемдердің 5,5 триллион теңгесі осы жүйе арқылы жүзеге асырылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,1 процентке жоғары. Интернет банкинг арқылы 2,9 триллон теңге қаржы аударылған. Бұл қолма-қал емес аудармыдардың 52,1 пайызын құрады. Ал 42,8 проценті пос терминал арқылы төленіпті. Қолма-қол емес төлем жүйесін дамытуға банктер де бет бұра бастаған. Осы бағытта қаржы институттары төлем карталарымен қатар онлайн сауда жасау жүйесін енгізе бастады. Бүгінде мұндай мүмкіндікті республикада тіркелген 28 екінші деңгейлі банктің үшеуі ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы