378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге ем іздеп келгендер саны артты

  • 419
  • UPD: 10:20, 25.02.2019

Өткен жылы елімізге 3 мыңдай шетел азаматы жоспарлы түрде ем алуға келген. Олардың басым бөлігі ТМД мемлекеттерінен. Атап айтқанда Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары. Сондай-ақ отандық емханаларда Қытай, Түркия Иран елінен келген науқастарды да кездестіруге болады. Шет елдіктер қазақстандық стоматологтар мен репродуктологдардың қызметіне жиі жүгінеді. Мәселен, 2018 жылдың 10 айында еліміздегі "репродуктивті медицина институтының" көмегіне мыңнан астам ерлі-зайыпты жұп жүгінген.

Әлемде медициналық туризмнің табысы 4% артты

Халықаралық сарапшылардың мәліметіне қарағанда 2017 жылы әлемдегі медициналық туризм нарығы 4 пайыздық өсім көрсетті. Таза табыс көлемі 15 миллиард АҚШ долларына жеткен. Ал шипажай туризмінен түскен пайда 40 миллиард долларды құрады. Мамандар алдағы төрт жылда бұл көрсеткіш тағы үш есеге артады деген болжам жасап отыр. Яғни дертіне шипа іздеп шекара асатындар саны көбейеді. Солардың ішінде қазақстандықтардың да үлесі бар. Жылына жүз мыңнан астам отандасымыз өзге елде ем алуға шығады екен. Басым бөлігі Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан Германия және Израль елдерінің медицинасына жүгінеді.

Халықаралық денсаулық сақтау саласын зерттеу орталығының мәліметтеріне қарағанда медициналық туризмі үздік елдердің көш басын Канада бастап тұр. Екінші орында Ұлыбритания, үштікті Израйль қорытындылапты. Сингапур мен Үндістан үздік бестікке кірген. 

Оның  810-ы Қырғызстан, 134-і Өзбекстан, 72 -сі  Ресейден, тағы 41-і өзге де алыс-жақын шет елдерден келген. Яғни АҚШ, Канада, Түркия мен қытайлық жұптар бар.  Өйткені бізде бұл салаға көрсетілетін медициналық қызмет ақысы басқа елдерден әлдеқайда арзан. Салыстыру үшін айтайық. Қазақстанда репродуктолог дәрігердің қызметі екі - екі жарым мың АҚШ доллары тұрады. Ал Еуропа елдеріндегі клиникаларда 15-16 мың. АҚШ, Канадада дәл осындай қызмет үшін 19-20 мың долларды санап беруге мәжбүр болады. 

СҚО-да баламасы жоқ қалайы кен орны ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ қалайы шығаратын кен орны ашылады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 миллиард теңге. Биыл мамыр айында зерттеу жұмыстары басталып, жердің беткі қабаты аршылады. Ал толықтай іске қосу 2021-ші жылға жоспарланған. Биылғы жұмыстарға шамамен 4 миллиард теңге жұмсалмақ. Жалпы облыста 7 инвестициялық жоба әзірленуде. Нәтижесінде бұл кәсіпорындар екі жылдың ішінде өңір экономикасына 80 млрд теңге инвестиция әкеліп,  мың 500 адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазақстан Ресейден темір жол арқылы бензин импорттауға уақытша тыйым салды. Бұйрыққа еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев қол қойған. Шектеу үш ай бойы сақаталды. Биліктің мұндай шешім қабылдауына елімізде бензин қорының  жеткілікті болуы себеп. Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қаңтар айынан бері Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында барлық резервуарлар толған. Енді өндіріс нарығын тежемеу үшін Қазақстан алдағы уақытта Орталқ Азия елдеріне мұнай өнімдерін экспорттай басатуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы