389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдерінде депозиттерді кепілдендірудің ортақ жүйесі енгізіледі

  • 1026
  • UPD: 12:25, 01.03.2019

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде депозиттерді кепілдендірудің  ортақ жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жүйе одаққа мүше бірнеше елде жинақтары бар салымшылардың мүддесін қорғайды.

Депозиттерді кепілдендірудің жаңа жүйесі қаржы мәселесіне еш әсер етпейді.

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру қоры «жаңа жобаның мақсаты - одақ елдері үшін ортақ нормативтік және құқықтық база құру» деп түсіндірді. Ол бойынша салымдардың сомасы бірдей болмайды. Жоба құрастырушылар депозиттерге кепілдік беру мәселелерін реттеу, ортақ стандарттар бойынша жүргізілгенін қалайды. Олар шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда банк жұмысы тоқтаған жағдайда депозиттерді төлеу мерзімін қысқартқысы келеді. Қазір мұндай проблеманы шешу үшін жарты жыл уақыт кетеді. Ал көрші Ресейде депозит бойынша кепілдендірілген соманы төлеу процесін сот шешімін күтпестен, банктің лецензиясын қайтарып алған сәттен бастап 14 күн ішінде бастауға болады. ЕАЭО елдері депозиттеріне бірыңғай кепілдік беру жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Алайда жаңа жүйенің қашан күшіне енетіні әлі белгісіз.

 

Қазақстанда бір айда тұз өндірісі 14,4% артқан

Қаңтар айында Қазақстанда 21 мың тонна тұз өндірілген. Бұл өткен жылдан шамамен 15% артық.

Бұл туралы Energyprom сараптама агенттігі хабарлайды. Негізгі өндіріс көзі Қызылорда облысында. Комбинат ас тұзын, техникалық және үй жануарларына берілетін тұз шығарады. Сондай-ақ тұздың 2,2%-і былтыр ғана Жамбыл облысында ашылған зауытта шығарылған. Кәсіпорынның қуаты жылына 70 мың тоннаға дейін өнім бере алады. Бұл республика тұтынатын тұздың үштен екі бөлігі. Елімізде тұз өте аз мөлшерде импортталады. Себебі сұраныстың 89% отындық зауыттар қамтамасыз етеді. Ішкі нарықты толық қамтыған кәсіпорындар экспорт көлемін жыл сайын 15% арттырыруды көздеуде. Қызылордадағы «Аралтұз» зауыты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жылына 450 мың тонна өнім жібереді. Компания биыл экспорт көлемін 3 есе ұлғайтып, қосымша Қытай, Корея және БАӘ нарығына шығуды жоспарлап отыр. Қазақстандықтар негізінен отандық өнімді тұтынғандықтан, оның бағасы қатты өзгермейді. Десе де, өңірлердегі тұз бағасында айырмашылық бар. Мысалы, ең қымбат тұз Алматыда. Бағасы 58 теңге. Одан кейін Астана. Елорда дүкендерінде 1 келі тұзды 57 теңгеден, ал Қостанайда 56 теңгеге сатады. Қостанайда тұз бағасы бір жылда 7% қымбаттаса, Оралда керісінше 7% арзандаған.

Австралиялықтар есірткіге 6,6 млрд доллар жұмсаған

Австралиялықтар сұлулық салондарына, қоғамдық көліктер мен техникаға қарағанда заңсыз есірткіге көп ақша жұмсайды. Asia Times басылымы осындай ақпаратпен бөлісті. Елдегі жедел-іздестіру қызметі жөніндегі комиссиясының жақында жүргізген зерттеуі 2018 жылы австралиялықтар 9 тоннадан астам метамфетамин, 4 тонна кокаин, 700 келіден астам героин және тағы басқа есірткінің тоғыз түрін қолданғанын көрсетті. Есірткіге барлығы 6,6 млрд доллар жұмсалған. Олар есірткіге жұмсаған қаржы көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Тәуелділігі бар австралиялықтарға есірткі алу үшін бір апталық табысының 116% немесе 1236 доллар қажет. Заңсыз есірткіге қаржы жұмсаудан Жаңа Зеландия екінші орында. Одан кейін АҚШ, Таиланд және Армения.

 

Қаңтарда зейнетақы қорына 4,2 млрд теңге түсті

Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің зейнетақы шоттарына 4 млрд астам теңге түсті. Бұл туралы Біріңғай жинақтау зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлайды. Қаңтар айында азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтіндерге міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жеңілдетілген. Енді келісімшартқа отырғанның біреуі салық агенті болса, жеке тұлғалар мен фрилансерлер үшін жарнаны сол төлейді. Салық агентіне заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар және жеке сот орындаушылары жатады. Ал жарналар жеке тұлға табысының 10% мөлшерінде белгіленеді. Бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10% кем болмау керек. Егер азаматтық-құқықтық шарт жасайтындар салық агенті болмаса, фрилансерлер жарна төлеу құқығына ие болады. Яғни міндеттелмейді. Мұндай жағдайда жеке тұлға жарналарды банктер немесе «Қазпошта» арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация оны Қорға аударады.

Отандық қор биржасындағы соңғы сатылым бойынша доллар құны 374 теңге 96 тиын.

Хабар 24 телеарнасы