378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде темекі өнімдерін шығару азайып келеді

  • 361
  • UPD: 10:53, 12.03.2019

Қазақстанда өндірілетін темекі өнімдерінің 99,4 проценті Алматы облысының үлесінде. Қаңтар айында мұндағы өндіріс 34 процентке кеміген. Сарапшылардың айтуынша, темекі өндірісінің азайуына Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы, темекіге қарсы күрес конвенциясының принциптерін ұстануы әсер етті. Яғни темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салды. Екіншіден, қоғамдық орындарда шылым шегуге шектеу қойды және кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі сатылмайтын болды. Оның үстіне соңғы уақытта электронды темекіні тұтынушылар саны көбейе бастаған.  

Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда 2014 жылы қазақстанда 25 миллион данадан астам темекі шығарылған. 2015-те бұл көрсеткіш бірден 19 жарым миллион данаға дейін қысқарды. Ал 2017-де шамамен 17 миллион 900 мың болса 2018-де 1,2 процентке жоғарылап, 18 миллион 144 мыңға жетті.

Алдағы уақытта қарапайым темекінің орнын электронды сигареттер алмастыруы мүмкін. Бүгіннің өзінде темекі өндірумен айналысатын жетекші компаниялар осы бағытқа бет бұрып, қаржы құя бастаған. Ал Қазақстанға электрноды темекі 2018 жылы келді. Сарапшылардың айтуынша, түтін орнына бу шығаратын сигаретті тұтынушылардың 70-80 проценті оны тастап, қайтадан қарапайым темекі шегуге құмартпайды. Оның үстіне темекінің құны да жыл сайын қымбаттап барады.

Мәселен, ақпан айында елімізде шылымның 1 қорабы орта есеппен 410 теңгеге саудаланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 процентке жоғары. Өңірлер бойынша айтар болсақ, қымбатшылық Қостанайда байқалады. Мұнда бір қорап темекі 435 теңге. Ал Ақтауда 432, Көкөшетауда 428 теңгеге көтерілген. Ең арзан темекі Талдықорғанда тіркелді. Мұнда бір қорап шылым үшін 388 теңге төлейсіз. Жалпы елімізде темекі бағасы алты ай сайын 20 теңге шамасында қымбаттап келеді. 2020 жылдың шілдесіне қарай бір қорап темекінің бағасы 520 теңгеге жетеді деген жоспар бар.

Темекі өнімдерінің заңсыз саудалануы кесірінен әлем елдері жылына 40 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайдадан қағылады. Яғни жылына 500 миллион дана темекі заңсыз сатылады деген сөз. Ол қолданыстағы өнімнің 10 процентіне тең. Ал Қазақстанның темекі нарығының 5 проценті көлеңкелі бизнестің үлесінде. Сарапшылардың айтуынша, оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш 8 процентке жетуі мүмкін. Айта кету керек, елімізде бір қорап темекі құнының 53 проценті салық ретінде алынады. Осының арқасында 2017 жылы темекі шығаратын фабрикалар еліміздегі ең көп салық төлейтін компаниялардың ондығына қосылды. Нақтырақ айтсақ төртінші орында. Тіпті бұл саладан түскен табыс мұнай өндіруші компаниялардың салығынан асады. Дегенмен сарапшылар салықтың өсімі контрабанданың көбейуіне түрткі болуы мүмкін дейді. Мәселен, Нью-Йоркта салықтың жоғары болуынан темекі нарығының 50-60 пайызы көлеңкелі бизнесте айналады.  

Еліміздің оңтүстігінде жылына 73 гигаватт сағат электр энергиясын өндіретін станция салынбақ. Ол күн сәулесінен қуат алатын панельдермен жабдықталады. Жобаның жалпы құны 11 жарым миллин АҚШ доллары. Қаржы станция құрылысын жүргізуге, іске қосуға және пайдалану мен өзге де қызметтерге жұмсалады. Жобаны Азия даму банкі қаржыландырған. Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы энергетика секторы көмірге тәуелді. Электр энергиясының 80 проценті көмір электр станциаларында өндіріледі. Олардың басым бөлігі ескірген. Сондықтан еліміз 2050-ші жылға қарай баламалы қуат көздерінің үлесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. 

Сәуір айында Сауд Арабиясы мұнай экспортын тәулігіне 7 миллион баррелге дейін қысқартпақ. Ол кезде сұраныс 7,6 миллион баррель болады деп күтіледі. Дегенмен саудиялықтар экспортты қысқарту арқылы қара алтын өндірісін 10 миллион бареллге жеткізбей ұстауға ниетті. Бұған дейін елдің энергетика министрі Кхалид әл-Фалих наурыз айында қара алтынның тәуліктік өндірісі 9,8 миллион барелл көлемінде болғанын айтқан. Енді Сәуір айында да осы көрсеткішті сақтап қалмақ.

Хабар 24 телеарнасы