378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарады

  • 430
  • UPD: 11:24, 12.03.2019
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарады

2019-шы жылы Қазақстанның мұнай өндіру көлемі де қысқарады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл қара алтын өндірісі былтырмен салыстырғанда 1,4 миллион тонна яғни 1 жарым процентке аз болады. Дегенмен ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік және қоймалаудың өсу болжамы сақталады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда көбірек өседі. Болжам бойынша биыл Ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,8 пайыз деңгейінде болады. Ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 9 мың 409 АҚШ долларын құрайды. 

Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді. Лондон мен Нью-Йорктің биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,77 долларға қымбаттап, 66 доллар 58 центке саудаланды. Нью-Йорк тауар биржасында сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бір баррелі 56 доллар 79 центке бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы