378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде сапасы ең нашар жол қай өңірде?

  • 322
  • UPD: 10:47, 15.03.2019

2019 жылы жол құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына 28 млрд теңге, орташа және күрделі жөндеуге 134 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ мамандар жөндеу жұмыстарына жаңа үнемді технологияларды пайдаланатынын атап өтті. 2 мың шақырым жолды суық ресайклинг әдісімен қалпына келтіру жоспарлануда. Оның нәтижесін жүргізушілер көре жатар. Ал енді елдегі жергілікті жол жүйесі жайына тоқталсақ. Ең ұзын жолдар Шығыс Қазақстан облысында 8,5 мың километрден асады.  Ал ең қысқа Маңғыстау облысындағы жолдар. Есесіне сапасы жоғары. Ең нашар жолдар Батыс Қазақстанда тіркелген.

Жыл басында елімізде жан басына шаққандағы халықтың орта табысы 94 975 теңгені құрады.  Мұндай сомма қаңтарда жүргізілген атаулы ақшалай табыстарды бағалау нәтижесіне негізделген.  Айта кетейік, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 10,5 % жоғары. Биыл халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табысүлесі басым. Барлық есептің 70 процентінен асады, өзін өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар - 16,8% және қалғанын өзге де ақшалай табыстар үлесі құрады.

2019 жылы еліміздегі мұнай өндірісі 1,5% төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Оның айтуынша, өнеркәсіп өсімі 1,6% құрайды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кенге қарағанда жақсы нәтиже көрсетеді. Даму факторларын ескерсек, биыл Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,8% деңгейінде бағаланады.

Халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі өмір сапасы бойынша әлемдегі ең үздік қалалардың рейтингін жариялады. Мамандар барлығы 231 қаланың тіршілігін салыстырған.  Олар тұрғын үйлердің жағдайы, білім беру деңгейі, медициналық қызмет пен қоғамдық көліктердің сапасын салыстырған. Анализ кезінде қаланың экономикалық және саяси тұрақтылығы да ескерілген. Сонымен өмір сүруге ең қолайлы қалалар тізімінде бірінші орында Австрия астанасы Вена. Ол жоғарыда айтылған барлық салаларда үздік көрсеткіштерге жеткен. Екінші орында Швейцариядағы Цюрих қаласы. Онда елдегі ірі қаржы орталықтары орналасқан. Сондай-ақ Цюрих әлемдегі ең қымбат қалалар тізіміне кіреді. Үшінші орында бірден үш қала. Олар Ванкувер, Мюнхен және Жаңа Зеландиядағы Окленд. Мұндағы Ванкувер елі өндіріс орталығы болса, Мюнхен 6 млн том кітабы бар ғылыми орда, ал Окленд Жаңа Зеландияның – экономикалық-қаржы секторының тірегі. Зерттеулерге сәйкес, өмір сүруге қолайлы өңірлер тізімінде Алматы 177 орынды иеленді.

Хабар 24 телеарнасы