389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жастардың білім деңгейі бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді

  • 1216
  • UPD: 11:46, 19.03.2019

Еліміз жастардың білім деңгейі бойынша үздік 10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтинг жасаушылар елімізді «жаңа интеллектуалды державаға айналуы мүмкін» деген болжам жасаған.

Қазақстан жастары ақылды деуге толық негіз бар. Себебі еліміз білім деңгейі бойынша рейтингте тоғызыншы орын алды. Бұл – Воучеклоуд порталының зерттеу нәтижесі. Оған қоса портал ең ақылды елдерді анықтаған.

Тізімдегі алғашқы бестікте Азия елдері орналасты. «Бұл жаһандық зияткерлік күштің үлкен жетістікке жеткенін көрсетеді. «Болашақта шығыстан шыққан инновация, батыс идеяларынан басым түседі», – дейді зертттеушілер. Сараптаманың басты мақсаты – жаһанның ең ақылды елін анықтау болатын. Зерттеушілер тұрғындардың IQ деңгейі мен елдегі Нобель сыйлығының лауреаттар санын ескерген. Лауреаттар АҚШ-та басым болса да, ақылды елдер көшін Жапония бастады. Одан кейін Швейцария, Қытай, АҚШ және Нидерланд.

Білімді деңгейімен қоса, жыл сайын үздік жатақханалар да анықталады.

Әлемдегі үздік жатақханар қай елде?

Студенттер резиденциясының үздік үштігін атап өтейік. Бірінші орында – Португалияда былтыр ғана есігін ашқан Маркиз де Помбал колледжінің жатақханасы. Лиссабонда орналасқан. Онда тәулік бойы жұмыс істейтін консьерж, бассейн, сауна, жеке спорт зал, кітапхана бар. Тіпті қала орталығында студенттерге арналған кинотеатр жұмыс істейді. Ал екінші орында – өзінің ерекше архитектуралық құрылымымен көзге түскен Данияның Копенгаген қаласындағы жатақхана. Дөңгелек пішінінде салынған ғимаратта 400 студент тұрады. Әр 12 бөлмеге ортақ асхана. Бұл студенттердің қоғамдық өмірге бейім болуы үшін жасалған. Үздік үштікті Лондонның қақ ортасында орналасқан Спиталфейлдстегі жатақхана аяқтады.

Төлем балансының деңгейіне болжам жасалды

Биыл елімізде төлем балансының тапшылығы жалпы ішкі өнімнің үш процентін құрайды деп күтілуде. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды. Мұндай жақсы болжам негізінен табыс балансының азаюымен байланысты. Бұл өз кезегінде қара алтын бағасының төмендеуі, мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің қысқаруына негізделеді. Сондай-ақ тауар импортының бірқалыпты өсуі де маңызды. Болжам бойынша биыл Қазақстанда импорт көлемі 35 млрд теңге шамасында болады. Ал экспорт 16 процентке дейін төмендеуі мүмкін.

Биыл қай елдің экономикасы әлсірейді?

Сарапшылар 2019 жылы экономикасы тұрақсыз болатын 10 елді атады. Болжам бойынша, биыл Венесуэланың жалпы ішкі өнім деңгейі 3,5 процентке дейін төмендеп, ең қолайсыз экономикалық жағдай осы елде болады. Бұл фармакология мен мұнай сияқты негізгі өнімнің тапшылығынан туындауы мүмкін. Сондай-ақ Бразилия, Грекия және Ресей елдерінде де жалпы ішкі өнімнің төмендеуі мүмкін. Аргентинада экономикалық көрсеткіш өзгеріссіз қалады. Сарапшылар Жапония, Финляндия, Хорватия және Швейцарияда керісінше экономикалық жағдай оң нәтиже көрсетеді деп болжайды. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша Америка ең дамыған ел деп танылды. Былтыр АҚШ-тағы жалпы ішкі өнім көлемі 18 триллион доллардан асқан. Көрсеткіш жыл сайын 2,2 процентке өседі. Екінші орында – 11 триллион доллармен Қытай. Үшінші – Жапония. Былтыр ондағы жалпы ішкі өнім деңгейі 4 триллион доллардан асқан.

Семіздікпен күрестің тың тәсілі

Ұлыбританияда семіздік деңгейі балалар арасында күрт артқан. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осылай деп дабыл қағуда. Проблемамен күресу үшін корольдік билігі кәмелетке толмағандарға зиянды тағамдардың жарнамасын көруге шектеу қоюы мүмкін. Олар құрамында май, тұз немесе қант артық мөлшерде тіркелген өнімдерді күндізгі және кешкі уақытта 21:00-ге дейін жарнамалауға тыйым салуы қарастыруда. Мұндай өзгерістер телебағдарламаларға, онлайн-трансляцияларға және әлеуметтік желілерге қатысты болады. Бұрын фаст-фуд жарнамасы тек балалар арналарында ғана көрсетуге тыйым салынған. Алайда зерттеулер кәмелетке толмағандар уақытының 64% өз жасына сай келмейтін бағдарламаларды көруге жұмсайтынын көрсеткен. Әсіресе, түрлі гаджеттер арқылы балалар ата-анасының бақылауынсыз-ақ, түрлі ақпаратқа қол жеткізе алады. Зерттеушілердің пікірінше, семіздік деңгейінің өсуі фаст-фуд жарнамасымен тікелей байланысты. Зиянды тағам жарнамасына шектеу қою – британдықтардың артық салмақпен күрестегі кешенді шараларының бірі. Ал елімізге келетін болсақ, Қазақстан халқының 20 проценті семіздікке шалдыққан.

Отандық қор биржасындағы соңғы сатылым бойынша доллар құны – 375 теңге 90 тиын.

Хабар 24 телеарнасы