389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда коммуналдық кәсіпорын экологияға зиян келтірді

  • 769
  • UPD: 10:40, 26.03.2019

Маңғыстау облысында «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық кәсіпорны жергілікті экологияға зиян келтірді.

Шығын мөлшері – 450 млн теңге. Экологиялық шығынды өтеу туралы іс мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралған.

Маңғыстау облысында коммуналдық кәсіпорын жергілікті экологияға зиян келтірді. Шығын көлемі шамамен 450 млн теңге. Экологиялық залалды өтеу туралы іс мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралды. Экология департаментінің табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген мониторинг қорытындысына сәйкес, «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты өтемақы көлемі есептелді, деп хабарлайды «Курсив» порталы. «Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінде хабарлағандай, 2015, 2016 және 2017 жылдары «Каспий жылу, су арнасы» Ақтау қаласының жоғарғы аудандарынан «Қошқар ата» қалдық-қоймасына ағын суларын тазартпай төккен. Ал бұл Экологиялық кодекстің 69-бабын бұзу болып саналады», – дейді фемида өкілдері. Алайда айыпталушы заңды тұлға тағылған кінәмен келіспей, тазартылмаған суды қалдық-қоймаға құю шешімін облыс басшылығы қабылдады дегенді алға тартып отыр. Сот бұл жауапты қабылдамай, «қоршаған ортаға эмиссия бірнеше мәрте рұқсатсыз жүргізілген деп», шағымданушы тараптың талап-арызын қанағаттандыру туралы шешті. Сонымен қатар айыпталушы жақ мемлекетке 1,5 млн теңге көлемінде баж салығын төлеуге міндеттелді. Әзірше сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

ЕАЭО: бірыңғай а/ш өсімдіктері нарығы жұмысын бастады

Өткен демалыс күндері Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ ауылшаруашылық өсімдіктерінің бірыңғай нарығы жұмысын бастады. Еске салайық, аталған келісімге одақтас елдердің үкімет басшылары 2017 жылдың қараша айында қол қойған болатын. Бұдан былай агроөнеркәсіп саласында қолданылатын сұрыпты және егінге арналған өсімдік тұқымдары өзара мойындалады. Құжат осы және өзге де жеңілдіктерге мүмкіндік береді. Мәселен, одаққа мүше елдердің бірі белгілі бір дән түріне қатысты куәлік ресімдесе, құжат одақ аумағында қайта тексерілмейді. Осы арқылы шаруалар уақытын да, ақшасын да үнемдейді. Артынша жоғары сұрыпты дәндердің нарықтағы сауда айналымы артады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен Агро-Өнеркәсіп кешені жөніндегі алқа мүшесі Александр Субботиннің айтуынша, жаңа келісімнің арқасында одақтас мемлекеттер тұқым өсіру шаруашылығы мен сұрып сапасын реттеу заңнамаларын бірыңғайландыруға мүмкіндік алады. 

Александр Субботин, ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі алқа мүшесі:

- Сарапшылардың бағалауы бойынша, өсімдік тұқымдарының ішкі нарықтағы кедергілерді жою арқылы шаруалар жылына 1 млн АҚШ долларына дейін үнемдей алады. Ал екіжақты сауда-саттықта дәндердің құжаты мен сапасы қайта тексерілмейді. Бұрын осы процедураға шамамен 30 күн жұмсалатын.  

Қытай канададан рапс импорттауды тоқтатты

Қытай Канададан май мен жем алынатын рапс өсімдігін импорттауды тоқтатты. Бұл туралы «Канаданың рапс жөніндегі Кеңесі» хабарлады. Өткен жылы аспан асты елі 2 млрд АҚШ доллары көлемінде рапс импорттаған. Алайда осы жылдың наурыз айында Қытайдың бас кедендік басқармасы өсімдік ішінен зиянкестердің табылуы себебінен сауданы тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Осылайша Канада еліндегі «Ричардс Интернешнлмен» қатар, «Витерра», «Пэрриш энд Хаймбеккер», «Луи Дрейфус компани», «Сарджил ЛТД» компанияларының өнімдеріне де шектеу қойылған.

Еске салайық, екі ел арасындағы сауда соғысы өткен жылдың желтоқсан айында «Хуавей» компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоудың тұтқындалуынан кейін басталды. Осыған қарымта жауап ретінде канадалықтар елде 5G мобильдік желілерін құру жобасына тыйым салуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 378 теңге 17 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380-381 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Мейірлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы