379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Табиғи апаттан әлем экономикасына бір жылда 155 млрд АҚШ долларына жуық шығын келген

  • 512
  • UPD: 11:31, 28.03.2019

Өткен жылы табиғи апаттан әлем экономикасына 155 миллиард АҚШ долларының шығынын келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, екі есеге аз. Мұндай есепті щвейцариялық сақтандыру компаниясының сарапшылары мәлімдеді. Ал сақтандыру компаниялары жапа шеккендерге өтемақы ретінде 80 миллиард доллар төлеген. Оның 90 проценті табиғи апаттардан зардап шеккендерге берілсе, қалған он проценті техногендік апаттарға жұмсалған. Табиғаттың тосын мінезінен әлем экономикасына келген шығын азайғанымен, адам шығыны кемімей тұр. Мәліметтерге қарағанда, жыл сайын табиғи апаттан 11 мың адам қаза табады екен.

Биыл елімізде 505 елді мекенді су басу қауіпі бар. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 200 ауыл қауіп деңгейі жоғары аймақта орналасқан. Жыл сайын елді дүрліктіретін тасқынға тосқауыл қою үшін елімізде не істеліп жатыр? Нәтижелері қандай?

Тасқын судың халыққа және көлік инфрақұрылымына тигізер залалын төмендету үшін елімізде 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы жасалды. Онда 637 іс-шараны атқару міндеті қойылған. Соңғы екі жылда 357-сі жүзеге асырылды.

Биыл республика бойынша елді мекендерден 9 миллион текше метрге жуық қар шығарылды. Авто және темір жолдардың астынан өтетін 18 мың құрылыста тазарту жүргізілді. Елді мекендердің маңайында жалпы ұзындығы 55 шақырым бөгет салынып, арнасынан асу мүмкін өзен-көлдердің жағасы биіктетілді. Сондай-ақ қардың түсімі мен мұздың қалыңдығына мониторинг жасалып, су басу қауіпі бар аймақтар үш деңгейге бөлінді. Кезек күттірмейтін шығындарға арналған резервтерге 19,4 миллиард теңге қарастырылды.

Мәліметтерге қарағанда, биыл қарғын су еліміздің 10 өңіріне қауіп төндіреді. Солардың ішінде Батыс Қазақстанда 65, Ақмолада 46, Қостанайда 39, Шығыс Қазақстанда 24, Қарағандыда 20 және Солтүстік Қазақстан облысындағы 6 ауыл ең қауіпті аймақтардың қатарында. Ал Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл және Түркістан облыстары қауіптілігі орта деңгейдегі өңірлерге жатады. Су басу қаупі Атырау мен Маңғыстау облыстарандағы кей елді мекендерде де бар. Бірақ қауіп деңгейі болар болмас қана.

Автонарықтағы ахуал

Елімізде жаңа көліктен көрі жүрілген автомобильді сатып алуды қалайтындар көп. Әсіресе 10 жылдан асқан көліктерге сұраныс 66 процентке жоғарылады. Ал жаңасын алатындардың басым бөлігі 10 мың АҚШ долларынан қымбат тұратын автөкөлкетерге қызығушылық танытқан. Сарапшылардың болжамы бойынша алдағы уақытта Қазақстанда құрастырылған көліктерге сұраныс жоғарылай береді. Бірақ мамандар автонарықтың дамуына мемлекет үлкен қолдау жасап отырғанын айтады. Егер бұл қолдау кемісе автоөндірушілердің де табысы кемитіні айқын. Сатылым бойынша айтар болсақ өткен жылы сатылған көліктің 20 проценттен астамы ЛАДА маркасының үлесінде. Сондай-ақ Тойота мен Лексус маркаларына да сұраныс азаймаған. 

Шетелдік капиталдың қатысуымен 27 жоба іске асты

Өткен жылы елімізде шетелдік капиталдық қатысуымен жалпы құны 3,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 27 инвестициялық жоба іске асырылды. Осының арқасында 6 мың жұмыс орны ашылды. Қазір Kazakh Invest Ұлттық компаниясы тағы 157 жобаға мониторинг жүргізіп жатыр. Оларды жалпы сомасы 40 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл инвесторлар 26 елден тартылған. Егер осы жобалар мақұлданып, жүзеге асатын болса елімізде 40 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Өңірлер бойынша айтар болсақ, инвестициялық жобалардың 27-сі Алматы облысында орналасады. Қарағанды облысында 2,1 миллиард доллардың 15 жобасы іске асуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласында құны 4,1 миллиар АҚШ долларына тең 12 жоба қолға алынбақ. Сондай-ақ Қостанайда 12, Ақтөбеде 10 жоба жүзеге асады. 

Алтын 6% қымбаттады

Соңғы бір жыл ішінде елімізде алтынның құны алты процентке қымбаттады. Бүгінде республика бойынша бір грамм алтын 16 мың 300 теңгеге тең. Ал күміс 4,7 процентке қымбаттады. Ақпан айының қорытындысы бойынша оның грамы бір жарым мың тегеге бағаланған. Қазақстандағы зергерлер лигасы төрағасының айтуынша, бүгінде елімізде зергерлік сала тұралып қалды. Өйткені қымбат металды сатып алу барысында алынатын салық белгіленді. Оның үстіне тұтынушылар отандық зергерлерден көрі тауарды қара базардан немесе шетелден сатып алуды бет бұра бастаған. Бүгінде ел нарығының 90 прценті импорттың үлесінде.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 378 теңге 36 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы