379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылы букмекерлер 14,4 млрд теңге салық төлеген

  • 434
  • UPD: 15:26, 04.04.2019

1 қаңтардан бастап құмар ойын бизнесінің нысандарына қосымша құн салығы енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұрын казинолар мен букмекерлік кеңселерге қосымша құн салығы салынбайтын. Мұндай шаралар саланы қалай өзгертеді?

Былтыр ойын нарығы ел қазынасын біршама байытты. Биылдан бастап букмекердің табысына да қосымша салық салынды.

Былтыр букмекерлер 14,4 млрд теңге салық төлеген

Өткен жылы букмекерлік кеңселерден ел қазынасына 14 млрд 400 млн теңге салық түскен. Ал биылдан бастап олар қосымша 12% салық төлеуге міндеттеледі. Экономистер мен бизнес-қауымдастық өкілдері, ойын нарығына қосымша құн салығын енгізу Қазақстан заңнамысына және халықаралық тәжірибеге сай келмейді деп есептейді. Банктер мен қаржы орталықтары өнім шығармайтындықтан салық төлемейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер және Ресей, Беларусь мемлекеттерінде де ондай мекемелер қосымша құн салығынан босатылған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер ойын бизнесі субъектілерінің жабылуына және олардың көлеңкелі нарыққа кетуіне әкелуі мүмкін. Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің ойынша, саладан түсетін салықтық түсімдер көп емес. Сондықтан басты мәселе: ойын бизнесіне тыйым салу және оның пайда болуының жолын кесу немесе бұл саланың жұмысын заңдастыру.

Шетелдегі құмар ойын нарығы

Косово билігі құмар ойындарына 10 жылға тыйым салды. Ел премьер-министрі Рамуш Харадинай өткен аптада министрлер кабинеті бұл ұсынысты мақұлдағанын растады. Соңғы жылдары құмар ойындар индустриясы қарқынды дамыған. Салада 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның жергілікті экономикаға қосатын үлесі де аз емес. Бірақ казинода болған екі адамның өлімі ойын бизнесін он жылға тоқтатуға себеп болды. Премьер-министр Р.Харадинайдың айтуынша, енді елде тек мемлекеттік лотерея ғана жұмыс істейді. Ал АҚШ-та құмар ойындар нарығы 1 млн 800 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Саладан түсетін салық та аз емес. Жылына 41 млрд доллар. Бұл бағыттағы жалғыз проблема заңсыз істейтін операторлар. Дегенмен мамандар құмар ойындары саласы әлі мыңдаған адамға еңбек көзі болатынына сенімді. Қазіргі таңда АҚШ-тың түрлі штаттарында 42 заңды оператор желісі бар. Ал Жапонияда 2025 жылға дейін үш казино-шипажай ашылуы мүмкін. Ел министрі Сидзо Абэ«жапон нарығы ауқымдылығымен және жоғары сапасымен ерекшеленуі керек» деп мәлімдеген. Бірақ ойын алаңдары шипажайдың жалпы аумағының 3% аспауы тиіс. Ал оның жарнамалары тек круизді лайнерлер ұшатын аэропорттар мен терминалдарда қойылады. Мұндай жаңалықты естіген АҚШ операторлары Жапонияда құмар ойындары нысандарының құрылысына лицензия алуға асығуда.

Биыл елімізде 7,7 мың тонна ет экспортталды

Оның ішінде сиыр еті – 4,4 мың тонна. Былтыр Қазақстан 3 млрд долларға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттаған. Көрсеткіш саланың мемлекеттік бағдарламасындағы мақсатты индикатордан жоғары. Бұл туралы ауыл шаруашылы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді. Жоспардың артығымен орындалуына Атырау, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы экспорт көрсеткіштері әсер еткен. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты бойынша өңірлер арасында Қостанай облысы (24%), Түркістан облысы мен Шымкент (22%) және Алматы (18%) көшбасшылар қатарында. Осы үш облыс экспорттың жалпы көлемінің 64% орындаған.

Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы сауда серіктестігі

2018 жылы Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда серіктестігі 19 млрд доллардан асқан.  Finprom агенттігінің хабарлауынша, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары. Тауар айналымындағы импорт үлесі – 69%. Отандық өнім экспорты 30% асады. Ал биыл қаңтар айында одаққа мүше мемлекеттер арасында 1,4 млрд долларға сауда жасалған. Өңірлік инвестицияның қарқынды дамуы Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан арасында сауда келісімдерінің нығаюына тиімді. 2018 жылдың 9 айында Ұлттық экономикаға құйылған инвестия 1,2 млрд долларға жеткен. Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден келген тікелей инвестиция үлесі 7% асады. Инвесторлар түрлі салаларға қызығушылық танытады. Бұған дәлел ел экономикасындағы өңірлік серіктестік деңгейінің артуы. Мамандардың пікірінше, инвестициялық өсімнің тұрақтылығы экспорт көлемін ұлғайтуға сеп болады. 

АДБ: Қазақстан экономикасының өсімі баяулайды

Азия даму банкінің болжамы бойынша, биыл Қазақстан экономикасының өсімі баяулайды. Сарапшылар бұған «Қытай мен Ресейдегі мұнай бағасының төмендеуі мен өсу қарқынының баяулауы себеп болады», – дейді. Сондай-ақ ендігі уақытта мұнай саудасынан түскен қаржыдан бөлек мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар экономикалық өсімнің негізгі көзі болады. Азия даму банкінің шолуына сәйкес, Қазақстанның 2018 жылы 4,1% болған жалпы ішкі өнім деңгейі 2019 жылы 3,5% дейін, ал келесі жылы 3,3% дейін төмендеуі мүмкін. Биыл инфляцияның орташа деңгейі 6% болып сақталады. Егер билік инфляциялық қысымға қарсы бағытталған артық өтімділікті қысқарту шараларын жалғастыратын болса, 2020 жылы инфляция 5,5% дейін төмендейді. Ал отандық азық-түлік өндірісін дамытуды қолдау мен тұрақтандыру қорларының арқасында 2020 жылы азық-түлік бағасы қымбаттамайды деп күтілуде. 

Енді валюта бағамын айта кетейін. Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша, АҚШ долларының бүгінгі бағамы 379 теңге 16 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380-381 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы